20 маусым 2016 12:03

Таразда атыс кезінде жарақат алған полицей ауыр жағдайда жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

Таразда атыс кезінде жарақат алған полицейге жеті сағатқа созылған ота жасалды, алайда ол әлі де ауыр жағдайда жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі № 1 қалалық аурухананың бас дәрігерінің орынбасары Ербол Ордабековке сілтеме жасап.

"Кеше шамамен сағат 18.00-де бізге оқ тиген жарақатымен екі адам түсті. Олардың бірі полиция қызметкері. Екеуіне де ота жасалды. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр. Полицейдің жағдайы ауыр", - деді Ербол Ордабеков. Ауруханадағылардың айтуынша, полицейге мойны мен кеудесіне екі оқ тиген. 

Ал полиция қызметкерлері атыс шығарған қылмыскердің сыбайластарын іздестіріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы айтылмай отыр.

Осыған дейін Таразда тұрғын үйлердің бірінің тұрғындарының эвакуацияланғаны хабарланған болатын. Оқиға Тараз қаласындағы 6-ықшамуданындағы 18-ші үйде болған.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети