20 желтоқсан 2016 12:08

Таразда мерекелік концертте адамдарды құлаған сахнадан құтқарған Ұлттық ұлан сарбаздары марапатталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Аман Әженов, Юрий Дылюк, Юрий Бажин. © Айдос Байшағыров Аман Әженов, Юрий Дылюк, Юрий Бажин. © Айдос Байшағыров

Таразда мерекелік концертке арнайы салынған сахна құлаған сәтте адамдарды құтқарған Ұлттық ұланның сарбаздары марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Таразда мерекелік концертке арнайы салынған сахна құлаған сәтте адамдарды құтқарған Ұлттық ұланның сарбаздары марапатталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"5513 әскери бөліміндегі сарбаздардың шапшаңдығының арқасында адамдарға қауіп төнген жоқ. ҚР Ұлттық ұланының бас қолбасшысы Руслан Жақсылықовтың бұйрығымен қоғамдық тәртіп пен қоғамды қауіпсіздікпен қамтамасыз етіп отырып, көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін қатардағы сарбаздар Аженов Аман, Бажин Юрий, Дылюк Юрий ІІ дәрежелі "Ұлттық ұлан қызметінің үздігі" ("Отличник Национальной гвардии") төсбелгісімен марапатталды", - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, 16 желтоқсанда Таразда мерекелік концертке арнайы салынған сахна құлап, Ұлттық ұланның сарбаздары зардап шеккен болатын. "Табиғаттың оқыстан пайда болған ахуалы кезінде 5513 әскери бөлім сарбаздары өздерінің қайсарлығы мен табандылығының арқасында бейбіт тұрғындардың жарақат алуы мен жазымтай жағдайларға жол берген жоқ", - деген еді баспасөз қызметіндегілер. Сондай-ақ, жарақат алған сарбаздарға шұғыл алғашқы медициналық жәрдемнің көрсетілгені хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети