26 қазан 2015 11:20

Таразда өзін-өзі өртеген жігітті видеоға түсіріп тұрғандар ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Таразда өзін-өзі өртеген 20 жастағы Ерлан Бектібаевты видеоға түсіріп тұрғандарды полиция ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облыстық ІІД баспасөз қызметінің өкілдеріне сілтеме жасап.

Видеоға түсіргендердің қазіргі уақытта аты-жөндерінің анықталып жатқаны хабарланып отыр. 

Еске салайық, 20 жастағы жігіт 24 қазанда Тараздың орталық алаңында "Нұр Отан" партиясының филиалының ғимаратына жүгіріп, сағат шамамен 10.30-да өзін-өзі өртеп жіберген болатын. Алған жарақатынан ер адам қалалық ауруханада көз жұмды. Өртеу алдында ол қалыптасқан жағдайға полиция қызметкерінің кінәлі екенін хабарлады. Бұдан кейін "Нұр Отан" партиясының өкілдері Тараздағы өзін-өзі өртеу оқиғасына түсінік берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети