09 шілде 2022 09:37

Таразда полицей тұмылдырықсыз итке оқ атты

ПОДЕЛИТЬСЯ

© instagram/zhambyl_police © instagram/zhambyl_police

Таразда полицей итке табельдік қару қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД сілтеме жасап. 


Таразда полицей итке табельдік қару қолданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Жамбыл облысы ПД сілтеме жасап. 

8 шілдеде сағат 13:50-де "102" тетігіне Тараз қаласындағы дәріханаға қарама-қарсы бетте екі белгісіз ер адам спирттік ішімдік ішіп отырғаны, ал олардың жанында тұмылдырықсыз төбелесетін иттің бар екені туралы хабарлама түсті.

Шақыру орнына келген полиция қызметкерлері 1979 және 1986 жылғы жергілікті екі тұрғынды анықтады, оларға өтіп бара жатқан адамдар шағымданған.

"43 жастағы ер адам "Питбультерьер" тұқымды итін тыныштандыру және оған тұмылдырық кигізу туралы полиция қызметкерінің талабына жауап бермеді. Ит босанып шығып, айналада жүрген адамдарға қауіпті болды.

Қайғылы оқиға орын алмауы үшін Тараз қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының инспекторы табельдік қарудан оқ атты", - делінген хабарламада.

Зардап шеккендер жоқ. Ит тірі және иесінің әйеліне қайтарылғаны айтылды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @zhambyl_police

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети