15 желтоқсан 2014 10:07

Тәуелсіздік мерекесін бір ай бойы тойлауға бастама көтеру керек - әнші

ПОДЕЛИТЬСЯ

©almalove.kz ©almalove.kz

Қазақстандық әнші, сазгер Нұрлан Еспанов Тәуелсіздік мейрамын бір ай бойы тойлауымыз керек деп есептейді. Әнші бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында айтты.


Қазақстандық әнші, сазгер Нұрлан Еспанов Тәуелсіздік мейрамын бір ай бойы тойлауымыз керек деп есептейді. Әнші бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне берген жауабында айтты.

Еспанов Тәуелсіздік күнін тойлауды Өзбекстаннан үйренуіміз керек екенін айтады. Ол бұл елде егемендік алғанын күн бір ай бойы, "шекарасын жауып тастап" тойлайтынын айтты. Сонымен қатар, сазгер тәуелсіздік күнін баннерге ілумен тойламау керек деп есептейді. "Баннер ғана іліп қою дұрыс емес, ол дүкен емес қой, Тәуелсіздікке жеңілдік бар дейтін. Тәуелсіздік күні - біз үшін мереке. Есікті жауып алып бір ай тойласақ та жарасады. Тәуелсіздігі бар мемлекетпіз, не істейміз десек те өзіміз білеміз", - дейді ол.

Әнші Тәуелсіздік күнін тойлауды мемлекет көрсетіп беруі тиіс екенін айтып отыр. "Мемлекет қалай тойланатынын көрсету керек, телеарналарда қалай тойлауды үйрететін арнайы жобалар болуы тиіс. (...) Мұны біз салт-дәстүріміз сияқты тойлап кетуіміз керек. Біреуді қырдық, біреуді жойдық емес, тек қана тәуелсіздікке қалай жеттік - міне осыны көрсету керек", - деді сазгер. Еспанов мемлекетке осындай ұсыныс жасау үшін оны арнайы жазатын адам керек екенін айтады. Егер нақты бір бастама көтеріліп жатса, айтып беруге және толықтай қолдауға дайын екенін жеткізді. 

Әнші мереке күнінде халықтың алдында Тәуелсіздік тақырыбындағы әндерді тегін орындайтынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети