10 наурыз 2015 17:05

Таяу күндері Қазақстанда боран соғады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Шымкентте жауған қар. ©Ysnlv.dnr Шымкентте жауған қар. ©Ysnlv.dnr

Қазақстанда таяу күндері боран соғып, тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері Әсия Рахымоваға сілтеме жасап.


Қазақстанда таяу күндері боран соғып, тұман түседі, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас инженері Әсия Рахымоваға сілтеме жасап.

Айта кетейік, наурыздың 10-ына қараған түні Шымкентте қар жауды. "Шымкентке биіктігі 12 сантиметр болатын қар түсті. Республиканың оңтүстігіндегі жауын-шашын атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты - 9 наурызда күндіз және түнде. Алдағы тәуліктерде жауын-шашын сақталады, бірақ аз мөлшерде. Оңтүстікте түнде ауа температурасы 2-12 градус аязға дейін, ал күндізгі уақытта сынап бағанасы 3-8 градус жылыны көрсетеді". - деді Рахымова.

Сонымен қатар, маманның айтуынша, республиканың солтүстігінде - Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында циклон өтеді. 

"12 наурызда кей жерлерде аз мөлшерде қар жауады, 13 наурызда - қар, қарлы боран, жел күшейеді. Түндегі ауа температурасы - 3-8 градус аяз, кей жерлерде 13-18 градусқа дейін жетеді, күндіз 3 градустан аяздан 2 градус аязға дейін, кей жерлерде 8 градус аяз болуы мүмкін", - деді "Қазгидромет" қызметкері. 

Оңтүстікте 12-13 наурыз күндері жауын-шашын болмайды. Батыста да тоқтайды. Батыс пен оңтүстікте таңғы және түнгі уақыттарда тұман түседі.

"Астанада 11 наурызда күн бұлтты болады, қар жауады, түнде желдің екпіні күшейеді. Түнгі ауа температурасы 5-7 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында болады. 12 наурызда Астанада қар жауып, ал түнде 8-10 градус аяз болады, күндіз болса 0 градус шамасында. Алматы облысы бойынша күн бұлтты, жауын-шашынды болады, тұман түседі, түнде 2-4 градус аяз, күндіз 0 градус шамасында болады. 12 наурызда түнде және таңғы уақытта жауын-шашынды, түнде 2-4 градус аяз, күндіз 1-3 градус жылы. 12 наурызда жауын-шашын болмайды, түнде ауа температурасы 2-4 градус аяз, ал күндіз 3-5 градус жылы болады", - деп хабарлады Рахымова.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети