24 қаңтар 2014 14:18

"Техбайқау" бірыңғай жүйесін 37 мың қазақстандық пайдаланып көрді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Владимир Прокопенко ©Владимир Прокопенко

Қазақстанда 37 мың автокөлік иесі бірыңғай ақпараттық жүйе бойынша темір тұлпарын техникалық байқаудан өткізді деп хабарлайды Көлік және коммуникация министрлігіне сілтеме жасаған Tengrinews.kz. Елімізде 725 желі қызмет ететін 374 техникалық байқау орталығының жұмысы ұйымдастырылған. Олардың бәрі "Техбайқау" бірыңғай жүйесіне қосылған, оның көмегімен тексерістен өту нәтижелері ортақ базаға жинастырылады. Нәтижелерді eisto.kz сайтынан да көруге болады. Ақпараттық жүйені пилоттық жоба ретінде пайдалану кезінде техникалық жағдайы жарамсыз болған 4000 автокөлікті анықтауға мүмкіндік туды. Техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесі Ішкі істер министрлігінің мәліметтер базасымен байланыстырылған. Бұл полицейлерге техникалық байқаудан өту дерегін қызметтік көліктер мен тұрақтарға орнатылған терминалдардан бақылауға мүмкіндік беріп отыр. Бұған дейін "Техбайқау" бірыңғай ақпараттық жүйесінің қағаз талондарды алмастыратыны хабарланған еді. Тиісті заң жобасы Парламент Сенатының қарауында жатыр. Ол күшіне енгенше жүргізушілердің техникалық байқаудан өткенін туралы құжатсыз жүруіне тыйым салынады.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.78   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети