02 ақпан 2016 09:47

Телеарна шымкенттік кәсіпкер Төлешовтің шылқыған өмірін сипаттап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© КТК © КТК

Шымкентте ұсталған белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов қалада дүркіретіп тұрып сауық кештерін ұйымдастырған. Оның қаржы ресурстары шымкенттіктерге әрқашан қатты әсер еткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 


Шымкентте ұсталған белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов қалада дүркіретіп тұрып сауық кештерін ұйымдастырған. Оның қаржы ресурстары шымкенттіктерге әрқашан қатты әсер еткен, - деп хабарлайды КТК телеарнасы. 

"Төлешовтің туған күніне Қазақстаннан ғана емес, шет елдерден де саяси және жұлдызды тұлғалар келетін болған. Тоқтар өзінің 13 баласына да мерекені дүркіретіп өткізген. Кәсіпкердің әрбір баласы қалаған поп-жұлдызын шақыртып отырған (кадрларда Дмитрий Нагиев, Тимати және Иван Дорн көрсетілді - Авт). Әкесіне, өзіне де, үлкен ұлына да үлкендерге арналған ойыншықтар - әскери ұшақтар, техникалар. Ол "Шымкент пикчерс" киностудиясын ашып, Голливуд майталмандарымен бірге фильм түсірді. Тоқтар Төлешовтің бас сұқпаған саласы кемде-кем. Ол Қазақстанды қойып, Ресей журналистері қауымдастығының мүшесі атанған. Діннің де жанашыры-мыс. Ал, қолына кісен салынған бойда кәсіпкер бірден Астанадағы абақтыға жеткізілген. Оны қазір Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері тергеп жатыр", - деп хабарланған телеарна сюжетінде. 


Тоқтар Төлешовтің отбасы суреті (ортада). © ktk.kz


© ktk.kz


© ktk.kz

Бизнесменнің көршілері болса онымен бірге тұрудың жайлы болғанын айтады. Сөйтсек ол өз үйінің маңында ғана сауық құрмапты. "Көрші ретінде жақсы адам, ешкімге тиіспейді, жарықты қосты, көшеге асфальт төседі", - дейді көршілерінің бірі. 


Кәсіпкердің Шымкенттегі үйі. © ktk.kz

Телеарна тілшілерінің мәліметінше, бизнесменді Тараздың тұрғыны ғана ашық қорғап шығыпты. Ер адам сол үшін Шымкентке келіпті. Әділбек Молдатаев Төлешовтің дәстүрлі емес исламға ешқандай да қатысының жоқтығын айтады. Сондықтан одан табылған күдікті оқулық мәселесінде бірнеше сұрақ туындайды. 


© ktk.kz

"Олар сақал өсіреді, шолақ шалбар киеді, галстук тақпайды. Тоқтар Төлешов галстук тағады, костюммен жүреді", - дейді Молдатаев. (Дереккөз: КТК).

Ал TVK телеарнасы Шымкенттегі арнайы операцияға қатысты жаңа видеоны жария етті. Оған қарғанда, кадрлардан бірнеше фигурант көрінеді. Кадрларда: жерде жатқан адамдар, оларды күзетіп тұрған арнайы жасақ жауынгерлері. Оқиға бизнесменнің үйінің маңында болғанға ұқсайды. 

Еске салайық, осыған дейін Шымкентте арнайы операция кезінде белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің ұсталғаны хабарланған болатын. Тұрғылықты мекен-жайы мен жұмыс орнын тексерген кезде қару, есірткі заты және оқулық табылып, тәркіленген. 

Ұсталған кәсіпкер "Шымкентсыра" ЖШС иесі және Террорлық қатерлерді сараптау орталығын басқарған. Бірлестіктің сайтындағы өмірбаянда Төлешовтің 2008 жылдан бастап қоғамдық ұйымдарда көптеген қызметтерді атқарғаны жазылған. Сонымен бірге, ол - "Нұр Отан" партиясының мүшесі, бірнеше журналистер одағының мүшесі және Қазақстан казактары бірлестігінің жоғарғы атаманының кеңесшісі.

Бір айтарлығы, Шымкенттегі арнайы операцияға оңтүстікқазақстандық полицейлер тартылмаған. Бұл операцияны елорданың арнайы қызметтері бақылап, тергеп отыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети