21 тамыз 2019 15:46

Теміржол билетін қайтарып бергендерге енді айыппұл салынбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

"Жолаушылар тасымалы" компаниясы теміржол билеттерін қайтарып бергендерге салынатын айыппұлды алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


"Жолаушылар тасымалы" компаниясы теміржол билеттерін қайтарып бергендерге салынатын айыппұлды алып тастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Жолаушы сапардан бас тартқанына байланысты жол құжатын қайтарып беру операциясы үшін 1000 теңге көлемінде ақша ұстау алынып тасталды", - деді "Жолаушылар тасымалы" АҚ атқарушы директоры Едіге Мыханов. 

Мүгедектіктің барлық тобының, сондай-ақ мүгедек балалардың сапарына қатысты өзгерестер енгізілді. Оларға билетті негізгі құнынан 50 пайыз көлемінде жеңілдікпен сатып алуға болады. Ал коммерциялық бағыттар бойынша - тасымалдаушының көзқарасына байланысты. 

2018 жылы "Жолаушылар тасымалы" АҚ пойыз билетін қайтарып бергендерге 1000 теңге айыппұл салатындарын хабарлаған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети