20 желтоқсан 2016 21:47

Тінікеев туралы даулы видеоның түсірілген уақыты аталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Даулы видеоның кадры Даулы видеоның кадры

Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев туралы даулы видеоның түсірілген уақыты аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Мәжілісмен Мұхтар Тінікеев туралы даулы видеоның түсірілген уақыты аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Осыған дейін Тінікеев nv.kz басылымының тілшілеріне бұл роликтің екі жыл бұрын түсірілгенін мәлімдеген болатын. "Бұл ескі видео. Екі жыл бұрын болған. Бұл әзіл", - деп жауап берген еді тілшіге депутат.

Даулы видеодағы теледидарға қарасақ, ондағы сюжетте көрсетіліп жатқан оқиға 2016 жылдың желтоқсанында болған. Теледидарда "Вести" телеарнасының Мурманскіде түсірілген сюжеті көрсетіледі. Телеарнаның сайтында бұл сюжет биыл 17 желтоқсанда жария болған.


Даулы видеодағы кадр


"Вести" телеарнасындағы сюжеттің кадры

Ресейлік телеарнаның сайтында жарияланған сюжетте репортердің шаш үлгісі мен киімі даулы видеодағы сюжетте тұрған адамның шашы мен киіміне ұқсайды. Сондай-ақ, жаңалықта көрсетілген кадрлар да Тінікеев түсірілген видеодағы теледидарда көрсетіледі. Соған қарағанда, Тінікеев түсірілген видеодағы оқиға желтоқсан айының ортасында түсірілген. Әлде ресейлік телеарна өзінің ескі сюжетін екі жылдан кейін жариялауды ұйғарған.

Еске салайық, 20 желтоқсанда WhatsApp Парламенттің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеевке ұқсайтын адам көрсетілген бірнеше видео тарады. Кадрлардан оқиғаның дастархан басында болғанын көруге болады. Екі ер адам тұрып алып, жанжалдасып жатады. Мәжілісмен Мұхтар Тінікеевке даусы да, өзі де ұқсайтын адам тағы екі ер адамның көзінше біреуден жауап алады. Депутатқа ұқсайтын ер адам әңгімелесушісіне былапыт сөз айтып, соққы жасайды.

Қазіргі уақытта ҚР Парламентінің төменгі палатасының депутаты Мұхтар Тінікеев пайда болған видеоға қатысты пікір білдірмеді. Tengrinews.kz тілшісімен әлеуметтік желіде байланысқан ол видеоның екі жыл бұрынғы екенін ғана атап өтті.

2016 жылдың сәуірінде Мұхтар Тінікеев Tengrinews.kz тілшісіне сұхбат берген еді. Сұхбатында ол "компьютердің арғы бетінде тығылып отыратын интернет шварцнеггерлерімен сөйлеспеуге тырысатынын" және боксшы Геннадий Головкинның жанкүйері екенін айтқан болатын.

Как вам дизайн сайта Tengri News?
Пройти опрос
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.3   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети