25 сәуір 2024 12:03

Тоқаев блогерлерге ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысында блогерлер мен журналистерге жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілетем жасап.


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы отырысында блогерлер мен журналистерге жүгінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілетем жасап.

"Бұқаралық ақпарат құралдары және өздерін блогер санайтын кейбір азаматтар табиғат апатына қатысты дүрбелең тудырып байбалам салу, билікті орынсыз айыптау қоғамды ортақ іске ұйыстыруға бөгет болатынын, мемлекеттік органдар ахуалды уысынан шығарып алды деген жалған ұғым қалыптастыратынын түсінуге тиіс. Мұндай әрекет әлеуметтік күйзеліс тудырады. Оның салдары халқымыздың абырой-беделіне нұқсан келтіреді. Сондықтан билік осындай келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін мемлекет қауіпсіздігіне қатер төндіретін адамдарға заң жүзінде шара қолданады.

Сонымен бірге барлық деңгейдегі билік өкілдері жұртшылықпен, әсіресе, беделді әрі жауапкершілігі жоғары белсенді азаматтармен тығыз байланыста болуы керек. Халықтың пікіріне құлақ асуы, ең бастысы, жедел және дұрыс шешім қабылдауға тиіс.

Қазір мемлекет қордаланып қалған көптеген түйткілдің түйінін тарқатуға мәжбүр. Азаматтардың басым көпшілігі мұны түсінеді. Бір жағынан, Үкіметтің көптеген саланы жанталаса реттеуіне тура келіп отыр. Екінші жағынан, еліміздің тұрақты дамуына мықты негіз қалыптастыруға тиіс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 441.58   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети