03 қаңтар 2024 09:45

Тоқаев қаңтар оқиғасы кезінде бас сауғалап, шетел асу туралы ұсыныс болғанын айтты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Ақорда Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне берген көлемді сұхбатында Қаңтар оқиғасы кезінде бас сауғалап, шетел асу туралы ұсыныс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Egemen Qazaqstan" газетіне берген көлемді сұхбатында Қаңтар оқиғасы кезінде бас сауғалап, шетел асу туралы ұсыныс болғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Сол кездегі ахуал өте күрделі болды, еліміз құрдымға кетуге шақ қалды. Бұған жол бермеу үшін барлық іс-әрекетті күндіз-түні және сағат сайын тікелей өзім бақылап отырдым. Ішкі істер министрлігі арқылы Ақорда резиденциясына түрлі шабуыл жасалғалы жатыр, соған жүк көліктері пайдаланылады деген ақпарат жетті. Маған бас сауғалап, резиденциядан кету, тіпті шетел асу туралы ұсыныс бірнеше рет айтылды. Бірақ мен бұған үзілді-кесілді қарсы болдым. Теледидар арқылы жасаған мәлімдемелерімнің бірінде қандай жағдай болса да жұмыс орнымда қалатынымды ашық айттым. Екі апта бойы тапжылмай, Ақордада болдым, күн-түн демей, шұғыл жиналыстар өткіздім. Сол аласапыран күндерде мемлекетімізді сақтап қалу, елдегі заң мен тәртіп үстемдігін қалпына келтіру ең басты міндет еді", - дейді Тоқаев.

Сұхбаттың толық нұсқасын мына сілтемеден оқи аласыз.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.57   490.7   4.88 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети