03 маусым 2020 11:14

Тоқаев Қытай экспаниясы туралы сұраққа жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда Қытай экспансиясын талқылау шынайы өмірдегі жағдайға келмейді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанда Қытай экспансиясын талқылау шынайы өмірдегі жағдайға келмейді. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Комсомольская правда" басылымына берген сұхбатында айтты , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Мемлекет басшысының айтуынша, Орталық Азия, Қытай мен Ресей халқы ерте заманнан бері саудамен айналысқан.

"Қазақстан мен басқа елдерсіз "Бір белбеу, бір жолдың" мәнісі жоқ. Қытайлық инвестицияның көлемі мен екіжақты сауда тұрақты түрде өсіп жатыр. 2018 жылы бес елде Қытай инвестициясының мөлшері 15 миллиард долларға жетті. Ал былтыр Орталық Азияның ҚХР-мен сауда айналымы 33 миллиард доллардан асты", - дейді Тоқаев.

Сауда-экономикалық және инвестициялық қарым-қатынастың дамуына деген қызығушылық бар, сондықтан қытайлық экспансияның қазіргі жағдайға келмейтінін айтқым келеді деді Президент.

Оның айтуынша, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қытаймен қарым-қатынасы дамуына зор үлес қосты. Ал енді қазіргі уақытта, Президенттің айтуынша, бұл қарым-қатынас мәңгілік стратегиялық серіктестікке айналды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети