07 қараша 2016 20:09

Тоқтар Төлешовтің ұлы соттың үкімі жайлы: Мұны да өткерерміз

ПОДЕЛИТЬСЯ

Тоқтар Төлешовтің ұлы журналистердің сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Тоқтар Төлешовтің ұлы журналистердің сауалына жауап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Барлығы дұрыс. Құпиялық таңбаны жарияламау туралы қаулы бар. Сондықтан да, меніңше, осы жерден әңгімені тоқтатуға болады деп ойлаймын", - деді Төлеген Төлешов.

Cоттың шығарған үкіміне қатысты Төлеген Төлешов "Мұны да өткерерміз" деді. Ал әкесіне шыққан үкім туралы ол "Барлығы дұрыс, барлығын шешеміз" деп жауап берді журналистерге.

Сондай-ақ, Тоқтар Төлешовтің ұлы соттың шешіміне шағым түсірілуі мүмкін екенін айтты.

Айта кетейік, бүгін Тоқтар Төлешовке қатысты сот үкімі шықты. Сот үкімі Астана қаласының Мамандандырылған ауданаралық әскери сотында оқылды. Ал кейінірек Төлешевтен тәркіленетін мүліктердің тізімі жария етілді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети