11 шілде 2016 15:39

Төлешов Қазақстанда билікті қалай құлатқысы келді: ҰҚК нұсқасы

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz коллажы © Tengrinews.kz коллажы

Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер қазақстандық кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің мемлекеттік төңкерісті қалай жасамақ болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстанның Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер қазақстандық кәсіпкер Тоқтар Төлешовтің мемлекеттік төңкерісті қалай жасамақ болғанын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазіргі уақытта осы қылмыстық істің аясында 25 адам жауапкершілікке тартылып отыр, шамамен 30 адам куәгер. Тергеумен ведомствоаралық жедел-тергеу тобы айналысты. Оның құрамына ҰҚК және ІІМ қызметкерлері кірді.

Тергеу Төлешовтің бірқатар ауыр және аса ауыр қылмыстарға қатысы барын анықтап, дәлелдеді. Ол трансұлттық қылмыстық қауымдастықты қаржыландырды және тұрақты қарулы топты құрып, оған басшылық етті деп күдікке ілініп отыр.    

Төлешовтің ұзақ уақыт бойы шетелдегі "Братский круг" (Болжам бойынша қылмыстық топ, оның құрамында, АҚШ билігінің пікірінше, негізінен бұрынғы КСРО елдерінен шыққандар бар) сияқты белгілі қылмыстық трансұлттық қауымдастықтың лидерлері мен басты тұлғаларын қаржыландырып келгенін және байланыста болып келгені хабарлады.


Нозин Джумаев пен Тоқтар Төлешов. © ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Оның тұрақты байланыста болған адамдарының ішінде қылмыс әлемінің лидері саналатын, лақап аты Дед Хасан, Жора Ташкентский деген лақап аты бар Георгий Сорокин, Гафур Рахимов (лақап аты Черный Гафур ), Нозин Джумаев (лақап аты Максим Бухарский), Ільяс Сұлтанов (дядя Ильяс) бар. Тергеу барысында Төлешовтен бұл адамдарға Рахимов пен Жұмаевтың қатысуымен ірі көлемде қаражаттың жиі жеткізіліп отырғаны туралы нақты дәлелдер алынды. Тоқтар Төлешов олардың қатысуының арқасында Өзбекстанда бірнеше коммерциялық нысанның қожайыны болды: ауруханалар, лак бояу зауыты және "Ләззат" кондитерлік фабрикасы, сонымен қатар, "Узпромстройбанк" ірі акционерлерінің қатарына кірген", - деп хабарлады ҰҚК өкілдері баспасөз мәслихаты барысында.


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

ҰҚК өкілі Руслан Қарасев Қазақстанда Төлешовтің "Шымкент Сыра" ЖШС ғана емес және оның сыра зауытының директоры ғана емес, - құрамына шыны зауыты, Оңтүстік Қазақстан аграрлық одағы, "Шымкент Пикчерс" киностудиясы және тағы да бірқатар компания кіретін "Дархан" ірі холдингінің қожайыны әрі жетекшісі екенін айтты. Бұл холдингтің филиалдары мен кәсіпорындары Ресейде, Қырғызстанда және Тәжікстанда бар екен. 


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Төлешовтің Усоянмен, Сорокинмен және Рахимовпен, сонымен қатар тағы да өзге тұлғалармен бірнеше рет жиын өткізгені тіркелді. Оларға көмек көрсету арқылы Төлешов олардан ОҚО-дағы қылмыстық ортаға әсер ету және оның басшылығының құрылымын өзгертуге мүмкіндік алған. Осындай "бақылаушы" тұлғалар арқылы қаражат жиналып және қылмыстық дауларды шешіліп отырған. " 

"Тергеу Төлешовтің қылмыстық істерді жүзеге асыру және беделін арттыру мақсатында қауіпсіздік қызметінің негізінде жеке қылмыстық топ ұйымдастырғанын дәлелдеді. Онда қаруланған топ Төлешовтің тапсырмаларын мүлтіксіз орындап отырған", - деп атап өтті ҰҚК өкілдері.


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Төлешовтің қол астында 90-нан аса қаруланған және қажетті оқудан өткен жауынгер болған. Арнайы бөлімшені сырттай заңды ету үшін Төлешов ол топқа арнайы "Смерш" күзет фирмасын, кейіннен "Вымпелгрупп" фирмасын тіркеген. Сонымен қатар, Төлешов ұйымдастырған топтың қажеттіліктерін өтеу үшін қол астындағы адамдар арқылы заңсыз түрде оқ ататын қару мен жарылғыш заттарды алып отырған. Төлешовтің кәсіпорындарын және басқа мүлік нысандарын тінту барысында оның сыбайластарынан 10 данадан аса оқ ататын қару, граната мен бірнеше ату жарақтары алынды. Сондай-ақ, Төлешовтің қылмыстық тобында күзет фирмаларына тіркелген 60-тан аса қызметтік қару болған", - деп хабарлады ҰҚК өкілі Руслан Қарасев.


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Тергеу барысы көрсеткендей, Төлешовтің ұйымдасқан қылмыстық тобы бірнеше адамды өлтіргендігі, кісі ұрлау және адамдарды соққыға жыққандығы анықталған. Азаптаулар мен қинауларды Төлешовтің бұйрығымен фотоға және видеоға түсіріліп отырған. Бұл деректі мәліметтер тінту барысында анықталып, іс материалына жіберілген. Түсірілген адамдар анықталды және олар куәгер әрі жәбірленуші ретінде сотта куәлік беретін болады", - деді ҚР ҰҚК өкілі Руслан Қарасев.


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, осы аталғандарға айғақ ретінде, қылмыстық топтың керек-жарағына Төлешовтің қомақты қаражат жұмсап отырғандығы анықталды. Өзінің қартайған шағында патша тектес өмір сүруді қалаған ол ҚР екінші дәрежелі банктерінің және "Братский круг" басшыларының алдында көп мөлшерде қарызға батқан. Сол жиналған қарыздың мөлшері 200 миллион долларға жеткен. Осы кезде Төлешовтің ойына елдегі билікті күшпен тартып алу жоспары пайда болған", - деп жалғады ҰҚК өкілі өз сөзін.

Тергеу мәліметінше, Төлешов өз жоспарларын сәтті орындағаннан кейін бақылауындағы әкімшілік ресурстар арқылы ірі банк қарызы мәселесін шешіп алғысы келген және осылайша отбасы мен бизнесінің жағдайын сақтап қалғысы келген. 

"Осылайша, мемлекетің қаржы ресурстарына қол жеткізіп, бақылауға алу Төлешовке билікті басып алуға стимул болған". 


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Төлешов өз жоспарын орындау үшін, тергеу мәліметінше, шетелдегі өз абыройы мен танымалдығын арттыру бойынша жүйелі қадамдар жасап отырған, оның ішінде Ресейде де. ҰҚК өкілдері 2012 жылдан бастап Төлешовтің түрлі жолдармен қоғамдық ұйымдарға мүшелікке кіруге ұмтылғаны жайлы расталған құжаттар бар. "Халықаралық журналистер одағы", "Казактардың қоғамдық бірлестіктерінің одағы". 2013 жылы ол "Террористік қатерлердің және аз қарқынды қақтығыстарды сараптау орталығы" ресейлік коммерциялық емес ұйымының қазақстандық филиалын ашқан. Осының аясында оның атынан мақалалар жарияланып, кітаптар шығып тұрған. Сөйтіп, Ливиядағы бітімгерлік миссияларға қатысуға және кепіл адамдарды босатуға қатысты делінді. Төлешов қоғам қайраткері, меценат, журналист әрі саясаттанушы ретінде ұстанды.


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

"Билікті басып алу бойынша жоспарын жүзеге асыру үшін Төлешов бастапқыда елдегі жағдайды тұрақсыз еткісі келген. Осы мақсатта ол Қырғызстанда 2005-2010 жылдар аралығында болған оқиғаларды зерттеген, қажетті материалдар мен куәліктерді жинастырған, тіпті Қырғызстанға барған. Билікке тек жаппай тәртіпсіздіктер мен халықтың наразылығын туғызу арқылы ғана келуге болатынын білген ол бұл әрекеттерді Қазақстанның батысында жасау керек деген ойға келеді. Төлешов батыс өңірінде наразы топтар бар деп есептеген, ойынша, бұл топтарды өз мүддесіне пайдалану қолайлы болған, ал наразылыққа себеп ретінде әлеуметтік-экономикалық және басқа да мәселелерді қарастырған. Айдап салу акциялары мен жаппай тәртіпсіздіктермен қатар ол қазіргі билікке ультиматум қойып, өзін вице-президент етіп сайлауды талап еткісі келген, ал кейін ел басқарғысы келген. Ал дайындық барысы өткен жылы басталған. Төлешовтің айналасындағылардың ішінде куәгерлер бар, олар осылай айтып отыр. Айтуларынша, 2015 жылы ол сенімді адамдарының біріне ірі сомада қаражат пен құжаттарды Атырау тұрғындарына жер мәселелері бойынша беріп жіберуді тапсырған, ал кейін олар өз кезегінде сәуірдегі наразылық акцияларының ұйымдастырушысы болды. Өз кезегінде бұл адамдар Атырау қаласында сәуір айында және Алматы қаласында мамыр айында заңсыз митингілерді ұйымдастырған", - деген ҚР ҰҚК өкілі Руслан Қарасев Төлешовтің бұл әрекетке өткен жылы дайындала бастағанын атап өтті.


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Сонымен қатар, Төлешовтің көмекшілерінің бірінің 50 мың долларды өз еркімен тергеуге тапсырғаны айтылады, бұл қаражат осындай акцияларды ұйымдастыруға кететін шығындарға жұмсалуы тиіс болыпты.

"Төлешов тергеу изоляторы жағдайында бола отырып, өзімен байланысқа түсе алатын адамдар арқылы Оңтүстік Қазақстан облысындағы Сарыағаш қаласында жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырғысы келген. Бұл мақсатта ол бес мың адамды әрқайсысына 100-200 доллардан төлеп, жаппай тәртіпсіздіктерге шығару туралы бұйрық берген. Осыдан кейін Сарыағаш қаласының орталық алаңында палаткалардан құралған лагерь ұйымдастырып, бүлік жасағысы келген. Осымен қатар, Төлешов қазіргі заңнамаға өзгерістер енгізу бойынша құжаттардың бағдарламасын дайындаумен айналысқан. Бұл мәліметтер Төлешовтің көмекшілерінің компьютерлерінде және жеке жұмыс бөлмесінде табылды", - деп хабарлады ҚР ҰҚК өкілдері.


© ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Бұл киім Тоқтар Төлешовтің үйін тінту кезінде тәркіленді. Оны белгілі кәсіпкер өз қызының туған күнін тойлау кезінде киіпті. Бұл костюм бүгін Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қалған формаларымен және қару-жарақтарымен бірге көрсетілді.

Ұлттық қауіпсіздік комитетіндегілер Тоқтар Төлешовке қатысты қылмыстық істі тергеуді аяқтағанын хабарлады. Іс енді сотқа жолданады.

Еске салайық, белгілі кәсіпкер Тоқтар Төлешов 2016 жылдың 30 қаңтарында Шымкентте арнайы операция кезінде ұсталған болатын. Тінту кезінде үйінен және жұмыс орнынан қару-жарақ, есірткі заты және оқу құралдары анықталып, тәркіленген еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети