22 қыркүйек 2017 14:19

Тоңазытқыштағы сұмдық: Балалардың мүрдесі Өзбекстаннан келген атасына берілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда тоңазытқыштан табылған екі баланы мәйітханадан атасы алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматыда тоңазытқыштан табылған екі баланы мәйітханадан атасы алып кетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қалалық мәйітхана жұмысшыларының мәліметінше, Түрксіб ауданында орналасқан жалдамалы пәтердегі тоңазытқыштан табылған балалардың мәйітін балалардың атасы Эмиль Гильмутдинов алып кеткен. Ал қайтыс болған балалардың ағасы жатқан аурухананың әкімшілігіндегілер оларға атасының келмегенін айтады.

Алматы қалалық білім басқармасындағылар да атасының балаларды қамқорлыққа алу жөнінде хабарласпағанын айтады.

"Бізге бастапқыда ер адамның расында да атасы ма, жоқ па - соны анықтау керек, - деді Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Айтқұлова. - Бізде баланың туу туралы куәлігі жоқ, ата-анасы жайлы да мәлімет жоқ. Тергеу шаралары барысында біз баланы балалар үйіне жібереміз. Атасы өзін туысы екенін дәлелдеуі керек. Бұған біраз уақыт кетеді. Өзбекстанға сауал жолдаймыз. Атасы баланы өзімен бірге алып кеткісі келсе, оған баланы қамқорлыққа алатын мүмкіндігі бар екені жайлы құжаттардың барлығын әкелуге тура келеді. Әзірше Өзбекстаннан құжаттар келмегенше және барлық қажетті шаралар жүргізілмегенше. оған баланы бермейміз. Ата-анасына қатысты сот өткен соң қамқорлық органдары оларды ата-ана құқығынан айыратын болады".

Осыған дейін үшінші баланың балалар үйіне берілуі мүмкін екені айтылған болатын. "Қазір баланың ешқандай құжаты жоқ. Ол №2 қалалық балалар ауруханасында жатыр. Кейінірек бала 4 жасқа толғанша балалар үйіне жібереміз. 4 жасқа толғанда балалар үйіне жіберіміз", - деген еді Алматы қалалық Білім басқармасының қамқорлық және қорғаншылық бөлімінің басшысы Жанна Тахирова.

Еске салайық, екі баланың мәйіті Алматыдағы Түрксіб ауданындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 11 қыркүйекте табылған болатын. Осы күні олардың шешесі - 34 жастағы Алла Волченкоға іздеу жарияланды. Қазіргі уақытта әйел ұсталды. Сонымен бірге онымен бірге тұрып келген 29 жастағы өзбек азаматы ұсталған. Ол, полицейлердің мәліметінше, өз кінәсін мойындап отыр.

Кейінірек Алматы полициясы да тоңазытқыштан табылған балалардың өлімі бойынша істің мән-жайын айтып берген болатын.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети