27 тамыз 2020 17:52

"Төрт сағат маска тағуға шыдайды" - Бекшин оқушылар туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Алматы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы мектеп оқушыларының кезекші сабақтарда маска кию мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин қаладағы мектеп оқушыларының кезекші сабақтарда маска кию мәселесіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Онлайн-брифингте Жандарбек Бекшинге балалардың ұзақ уақыт маска киюі зиян емес пе деген сұрақ қойылған.

"Мектеп оқушылары күніне 3-4 сабақтан артық оқымайды. Сондықтан менің ойымша, бала төрт сағат маска тағуға шыдайды. Екі сағат сайын ауысым болады, мұғалімдер бұған қатаң қарайды", - деді Алматы бас мемлекеттік санитар дәрігері.

Жандарбек Бекшин балаларды маскалармен қамтамасыз ету мәселесі ата-аналарға жүктелгенін атап өтті. Кейбір жағдайда балаларға масканы мектеп береді. Бұл медициналық бұйым сатып ала алмайтын отбасыларға қатысты.

Еске салайық, 1 қыркүйектен бастап 1-4 сынып оқушылары ата-аналардың өтінімі бойынша кезекші сыныптарда оқиды. Алматыда 1-2 сынып оқушылары мектеп қабырғасында тәлім алады. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Алматыда қойма өртенді

Валюта бағамы

 451.54   490.7   5.06 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети