04 шілде 2014 15:35

Туберкулез жұқтырған мал етінен бұқтырылған өнім жасалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қарағанды облысында туберкулез жұқтырған сиырлардың етінен бұқтырылған өнім жасалды, - деп хабарлайды "Новый Вестник".


Қарағанды облысында туберкулез жұқтырған сиырлардың етінен бұқтырылған өнім жасалды, - деп хабарлайды "Новый Вестник".

Абай ауданында ірі қара арасында туберкулез ауруы шыққан. Індет Юбилейное ауылына жақын жердегі Майбұрнақ қыстағында отырған "Ата" шаруа қожалығында тарады. Санитар дәрігерлердің мәліметінше, Қарағандыда вирус жұққан мал етін өңдейтін орын жоқ. Ал тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментінің мәліметінше, ауру малдың тең жартысының етінен бұқтырылған өнімдер жасалған.

Департамент мамандары бірер апта бұрын Юбилейное ауылы маңындағы жайлауда ірі қараға тексеру жүргізген. 79 бас малдан туберкулез белгісі табылды. 16 маусым күні Абай аудандық әкімдігі "Ата" шаруа қожалығында шектеу шараларын қабылдау туралы қаулы шығарды. 11 бақташы мен сауыншы тексерілді, абырой болғанда, адамдар аурудан аман болып шықты.

Абай аудандық мал дәрігерлік бөлімінің мамандары туберкулез жұқтырған мал етіне қатысты ахуалдың бақылауда екенін айтты. Малдың жартысы сойылып, мал дәрігерлік инспекциясының қатысуымен Қарағандыдағы ет өңдеу кәсіпорнына жеткізілген. 79 бас ауру малдан 41-і тірі. Облыстық ветеринария инспекциясы ет өңдеушілердің ауру мал еті мен сау малдың етін араластырмайтынын хабарлады. "Егер туберкулез анықталса, ет, негізінен, қалбырдағы өнімдер мен бұқтырылған ет дайындауға жіберіледі. Өйткені онда ет әбден қайнатылады. 100 градустық температураның әсерінен туберкулез бактериялары өледі", - дейді мамандардың бірі.

Қарағанды облысында инфекция жұққан етті өңдеуге қолайлы жағдайы бар кәсіпорындар жоқ. "Қарағандыда жақсы кәсіпорындар болғанымен, оларда қалбыр шығаратын желі жоқ. Сондықтан бұқтырылған ет жасау - дұрыс шешім. Абай ауданының әкімдігі "Жаңа Сапа" кәсіпорнымен келісімге келді. Бүгінде мұндай етті өңдеуге ниетті басқа кәсіпорынды табу қиын. Қолданыстағы заңға сәйкес, жергілікті атқарушы орган ет өңдеушіні өзі тауып, онымен меморандумға қол қоюы керек. Егер бәрі қайта өңделетін болса, қожайын әкімдіктен ет құнының 30%-ы көлемінде дотация алады. Егер ет өңдеуші еттің келісіне 500 теңгеден берсе (нарықтағы құны - 80 теңге), бұған тағы 150 теңге қосамыз. Барлығы 650 теңге болады. Олар еттің жалпы салмағы тоғыз тонна деп есептеді", - дейді департамент мамандары.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.73   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети