01 сәуір 2021 09:13

Туризм академиясы директорының қар барысы терісімен түскен суреті: тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/zhankoshturarov Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Алматы полиция департаменті редакциямыздың ресми сауалына Туризм және спорт академиясы директорының ісі қандай сатыда екенін айтты. Бұған дейін қазақстандықтар Қайрат Закирьяновтың Қызыл кітапқа енген қар барысының терісімен түскен суретіне наразы болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Алматы полиция департаменті редакциямыздың ресми сауалына Туризм және спорт академиясы директорының ісі қандай сатыда екенін айтты. Бұған дейін қазақстандықтар Қайрат Закирьяновтың Қызыл кітапқа енген қар барысының терісімен түскен суретіне наразы болған еді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қайрат Закирьяновтың ісін Алмалы аудандық полиция басқармасы қарап жатыр.

"Алмалы аудандық полиция басқармасы аталған факт бойынша қылмыстық кодекстің 339-бабында көзделген "Сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдіктер мен жануарлар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану" сәйкес қылмыстық құқықбұзушылық белгілері бойынша соталды тергеп-тексеруді бастағанын хабарлаймыз.

Алайда ҚІЖК-нің 201-бабына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру деректері жария етілмейді", - деді ведомство өкілдері.
 

Айта кетейік, ҚР Қылмыстық кодексінің 339-бабында 3 мың АЕК-ке (8 751 000 теңгеге дейін) дейінгі айыппұл салу, не сол мөлшерде түзеу жұмыстары, не 800 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, не 3 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу, не 5 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, сол мерзімге бас бостандығынан айыру қарастырылған.

Еске салайық, биыл 20 қаңтарда кабинетіндегі қар барыстарының терілерімен суретке түскен спорт және туризм академиясының президенті Қайрат Закирьяновтың басы дауға қалған болатын. Закирьяновпен бірге түскен суретті спортшы Жанкош Тұраров Instagram желісінде жарияланған. Суреттерден арыстан, сілеусін, барыс пен құстардың терісін көруге болады. 

Спорт және туризм академиясы президентінің бұл суреті қазақстандықтардың ашуына тиген. Кейін Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі осы жағдайға қатысты пікір білдірген болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети