23 қаңтар 2021 13:52

Туризм академиясы қар барысының терісімен түскен басшысының суретіне қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: instagram.com/zhankoshturarov Фото: instagram.com/zhankoshturarov

Қазақ спорт және туризм академиясы Қайрат Закирьяновтың қар барысының терісімен түскен суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақ спорт және туризм академиясы Қайрат Закирьяновтың қар барысының терісімен түскен суретіне қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚазСТА өкілдері қазақстандықтардың ашуын тудырған суреттегі барлық экспонат академия есебінен сатып алынған немесе сыйға тартылғанын және олар музей құндылығы саналатынын айтты. 

"Фото және видеолардағы барлық экспонат біздің Республикалық спорт және олимпиадалық даңқ мұражайының экотуризм секциясының экспонаты, олар 2014 жылы ҚазСТА-ның 70 жылдық мерейтойына орай серіктестерімізден немесе жеке тұлғалардан сатып алынған я сыйға тартылған", - делінген хабарламада.

ҚазСТА президентінің барлық шетелдік сапары академияның Дене шынықтыру және спорт университеттерінің халықаралық қауымдастығы мен өзі басшы саналатын Студенттік спорт федерациясы мүддесі үшін аталған ұйымдардың есебінен жүретіні атап өтілді. 

Академия өкілдері шетелге іссапар кезінде қабылдаушы тарап қонақтардың бос уақытына бағдарлама ұйымдастыратынын да айтты. 

"Атап айтқанда, Оңтүстік Африкада Республикасында саванна мен аңшылық жергілікті туристік салт саналады, онда академия президенті осы іс-шараларға қатысты. 

Академия президенті аң аулауға емес, іскерлік кездесулерге баратынын қайталаймыз. Академияда туризм факультеті бар. Ол факультеттің студенттері оқу жоспарына сәйкес әртүрлі елдің флорасы мен фаунасын білуі тиіс. Сонымен қатар, жеке мұражайдың болуы талапкерлер үшін тартымдылықты арттырады", - деп жауап берді академиядағылар.

Еске салайық, бұған дейін Туризм академиясы президентінің қар барысының терісімен түскен суретін полиция тексеріп жатқаны хабарланған болатын. Суретке қазақстандықтар ашуланған еді. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети