10 ақпан 2023 17:15

Түркияда жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.tr Фото: gov.tr

Түркияда жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Түркияда жер сілкінісінен кейін тағы бір қазақстандық іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Қазақстанның тағы бір азаматы әлі күнге дейін хабар-ошарсыз кетті деп есептеліп отыр. Ол 6 ақпанынан бері байланысқа шықпады, тұратын жері - Кахраманмараш қаласы. Әпкесі министрліктің "жедел желісіне" хабарласқаннан кейін оның іздеу жұмыстарын бастадық", - делінген ведомство хабарламасында.

Қазірг Қазақстан елшілігінің қызметкері осы қалаға барып, түрік құтқарушыларымен бірлесіп оны іздестіріп жатыр. Көршілердің айтуынша, үй қираған кезінде ол ішінде болған.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети