10 ақпан 2023 17:11

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық қыз табылды

Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: gov.tr Фото: gov.tr

Түркияда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Түркияда жоғалған қазақстандық қыз табылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Тағы бір Қазақстан азаматы із-түзсіз жоғалған деп танылған болатын. Біз оны Хатай қаласынан таптық. Ол үзілістерге байланысты бір-екі күн ешкіммен хабарласа алмаған. Қазір оның жағдайы жақсы, ол қауіпсіз жерде. Ол тұратын үй зардап шеккен жоқ", - деді ҚР СІМ баспасөз хатшысы Айбек Смадияров.

Еске салайық, 8 ақпанда Түркияның Қазақстандағы елшісі төрт қазақстандық із-түзсіз жоғалғанын хабарлады. Сол күні үйінді астынан қазақстандық Сабина Мамадьярова құтқарылды.

Бейсенбі күні қазақстандық құтқарушылар Антакьяда толығымен қираған алты қабатты ғимараттың үйіндісін тазарту кезінде Қазақстан азаматы Әділ Қадырбековтің денесін тапты. Кейінірек екінші қазақстандық Мирболат Құрмашевтың денесі табылды.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети