07 тамыз 2015 12:35

Түркиядағы жол апатында зардап шеккендердің арасында бокстан ҚР чемпионы бар болып шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Vesti.kz ©Vesti.kz

Бокстан Қазақстан чемпионы Зарина Цолоева Түркияда болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің арасында бар болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 21 жастағы боксшы қыз Қазақстан құрамасының атынан 64 келі салмақта жұдырықтасады.


Бокстан Қазақстан чемпионы Зарина Цолоева Түркияда болған ірі жол апатынан зардап шеккендердің арасында бар болып шықты, - деп хабарлайды Vesti.kz. 21 жастағы боксшы қыз Қазақстан құрамасының атынан 64 келі салмақта жұдырықтасады.

Еске сала кетейік, оқиға Астана уақыты бойынша 19.30-да Түркияның оңтүстік батысындағы Денизли қаласында болды. Автобус Памуккаледен Анталияға жүріп бара жатқан. Жол-көлік оқиғасынан 4 адам қаза тауып, 38 адам жарақат алды. РИА Новости басылымының нақтыланған мәліметінше, автобус Ресейдің, Қазақстанның, Литваның және Беларусьтің азаматтарын тасымалдаған.

Кейін ҚР СІМ зардап шеккен қазақстандықтардың аты-жөнін атады. Ведомство баспасөз қызметінің хабарламасында Түркияда жол апатына ұшыраған автобуста болған қазақстандық жеті азаматтың аты-жөндері жазылған. Олар: Тұрғанбекова Шолпан (22.08.1989), Тұрғанбекова Тоғжан, (25.04.1993), Тлеубаева Айдын (14.07.1999), Тлеубаев Азамат (25.05.1992), Тлеубаева Гульнара (04.01.1966), Цолоева Зарина, (05.11.1993), Аида Сарабаева (21.09.1996). 

Баспасөз өкілдерінің мәліметінше, 19 жастағы Аида Сарабаевадан басқаларының барлығы Денизли қаласының түрлі емханаларына жеткізілген. Аида Сарабаеваның қай жерде екендігі және жағдайы анықталып жатыр.

Жол-көлік апатының себептері анықталып жатыр, автобус жүргізушісі ұсталды. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"Біздің азаматтарымызға қатысты жағдай ҚР Түркиядаға Елшілігі мен Анталия қаласындағы Консулдығының ерекше бақылауына алынған. Консулдық бөлім қызметкерлері жергілікті билік өкілдерімен тұрақты байланыс орнатқан. ҚР Денизли қаласындағы Құрметті консулы қажетті жедел көмек көрсетуде. Жаңа ақпарат келіп түскен жағдайда Министрлік қосымша хабарлайтын болады", - ҚР СІМ хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети