06 ақпан 2014 21:27

Түркменстан Шымкентке газ беретін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото Tengrinews.kz мұрағатынан Фото Tengrinews.kz мұрағатынан

Түркменстан Шымкенттегі көгілдір отын тапшылығын шешуге көмектесетін болды деп хабарлайды Tengrinews.kz. "ҚазТрансГаз Аймақ" АҚ Оңтүстік Қазақстан Өндірістік филиалының бас инженері Серікхан Байзақовтың айтуынша, Түркменстаннан "Росмұнайгаз" құбыры арқылы бүгін түнде сағатына 100 мың куб текше метр көгілдір отын келіп түспек. Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосыновтың айуынша, қазір қаладағы ірі кәсіпорындар көгілдір отыннан ажыратылып отыр. Еске сала кетейік, Өзбекстан оңтүстік өңірлерге беретін газ мөлшерін беруді шектеп тастаған болатын. Соңғы екі тәуліктен бері тиесілі 420 мың текше метр газдың орнына облыс сағатына бар болғаны 120 мың текше метр көгілдір отынды қанағат тұтып отыр. Мұның салдарынан Шымкентте көгілдір отынның қысымы азайып кеткен. Энергетика басқармасының өкілдері көршілердің бұл әрекетін техникалық себептермен байланыстырыпты. Мәселе апта соңына дейін шешіледі деп сендіруді. Дегенмен төмендеген қысымды қалыпта ұстау үшін шаһар басшылары қосымша амалдар жасап бағуда. Шымкенттегі бірнеше ірі өндірістік мекемелер бірер күнге 100 пайыз газдан ажыратылады. Осының есебінен сағатына 10 текше метрге дейін газ үнемдеуге мүмкіндік бар, дейді қала әкімінің орынбасары Бейсенбек Жанбосынов

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети