07 қыркүйек 2022 13:42

Түркістан облысындағы балабақшада баланы ұрып-соғу сәті видеоға түсіп қалған

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшада баланы ұрып-соғып жатқан сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Әлеуметтік желіде Түркістан облысындағы жекеменшік балабақшада баланы ұрып-соғып жатқан сәттің видеосы тарады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Жергілікті білім басқармасының мәліметінше, оқиға Шардарадағы жекеменшік балабақшада болған. Кадрларда балабақша тәрбиешісі алдымен баланы ұрып-соғып, кейін тағы екі баланың арасындағы жанжалға араласып, басқа қызды кек алуға мәжбүрлейді.

Білім басқармасы тергеу құпиясына сілтеме жасай отырып, ұстаздың жеке басын жарияламады. Алайда олар соққыға жығу фактісі бойынша арнайы комиссия құрылғанын айтты. Іс құқық қорғау органдарына жіберілді.

"Адами әлеуетті дамыту басқармасына 2022 жылдың 5 қыркүйегінде Шардара қаласындағы жекеменшік балабақшада тәрбиешінің баланы ұрып-соғып жатқаны туралы видео белгілі болды. Түркістан облысы Шардара аудандық адами әлеуетті дамыту басқармасы арнайы комиссия құрып, тексеру жүргізді. Нәтижесінде баланы ұрып-соққан мұғалім анықталды. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу мүддесіне қатысты басқа мәліметтер жарияланбайды", - деп түсіндірді ведомствоның баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети