01 сәуір 2021 09:22

Түтін мен үрейленген тұрғындар - өрт шыққан үй ішінен түсірілген видео тарады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео кадры Видео кадры

Павлодардағы үйлердің бірінен түнде өрт шығып, тұрғындар пәтерлерін тастап, далаға шығуға мәжбүр болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түтінге оранған кіреберістің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Павлодардағы үйлердің бірінен түнде өрт шығып, тұрғындар пәтерлерін тастап, далаға шығуға мәжбүр болды. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі түтінге оранған кіреберістің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Өрт сөндірушілерге ұйықтап жатқан тұрғындарды оятуға тура келген. Бесқабатты ғимарат тұрғындары қатты түтінді көріп, қорқыныш пен дүрбелең басталыпты.

Кадрлардан өрт сөндірушінің қолында жылап, анасын іздеген сәбиді көруге болады. Тұрғындардың бірі күртесін шешіп, баланың үстіне жабады. "Болды, болды, қорықпаңыздар", - деп өрт сөндіруші тұрғындарды тыныштандырады.

Видеодан үйдің кей тұрғыны асығыс киініп, далаға қашқаны байқалады.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарына қарағанда, өрт сөндірушілер 40 адамды эвакуациялаған, оның 10-ы - балалар. Қызметкерлер келгенге дейін көпқабатты үйден он адам далаға шығып үлгерген.

"Бесқабатты ғимаратта өрт шыққаны туралы 30 наурызда сағат 23.52-де хабар түсті. Үйдің бірінші қабатында тұрмыстық заттар, екі шаршы метр аумақта тұрған ағаш өртенген. Кіреберісте қатты түтін болды, сондықтан кейбір тұрғын қорқып, аздап үрейленді. Бірақ оқиға орнына келген өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тез арада эвакуацияға көмектесіп, тұрғындарды далаға шығарды. Тұрғынның көбі демалып жатқан, сондықтан өрт сөндірушілер пәтер иелерін оятып, өрт шыққан жерден кетулерін сұрауға мәжбүр болды", - деді ведомство баспасөз қызметіндегілер.

Оқиға орнында 27 жеке құрам және бес техника жұмыс істеді. Сонымен қатар, сол жаққа полиция қызметкерлері мен қаланың коммуналдық қызмет жұмысшылары барған.

Өрт жарты сағаттың ішінде сөндірілді. Оның неден шыққаны және келтірген шығыны қазір анықталып жатыр.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети