06 маусым 2014 10:33

ҰБТ-ның төртінші күні ең жоғары балл алғандар болмады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тұрар Қазанғапов ©Тұрар Қазанғапов

ҰБТ-ның төртінші күні түлектер ең жоғарғы балға қол жеткізе алмады, - деп хабарлады Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


ҰБТ-ның төртінші күні түлектер ең жоғарғы балға қол жеткізе алмады, - деп хабарлады Tengrinews.kz ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

5 маусым күні тестілеуге 9346 түлек қатысты. Сынақ 32 пунктте өткізілді. Тәртіп бұзғаны үшін аудиториядан шығарылғандар болған жоқ. Есесіне, 2938 ұялы телефон, 2574 шпаргалка, 187 калькулятор, 16 фотоаппарат, 7 рация, 2 флешка мен 1 қол сканері тәркіленді. Төртінші күннің қорытындысы бойынша 125 балды ешкім иеленбеді.

100 балдан жоғары көрсеткішке 1404 (15%) түлек қол жеткізді. Орташа балл 78,2 болды. Шектік деңгейге жете алмаған түлектердің саны - 888 (20,2%).

Қазақстанда ҰБТ тапсыру 2 маусымда басталды, оған барлығы 92 мыңнан астам мектеп бітіруші қатысады. Тестілеудің алғашқы екі күні Алматы қаласынан екі түлек ең жоғарғы балл алды. Сынақ биыл да жанжалсыз болмады, бірінші күні ұлттық бірыңғай тестілеудің тапсырмалары ғаламдық желілерде жарияланған болатын. Ұлттық тестілеу орталығының мамандары оның түпнұсқа екенін растады. Еліміздің бірқатар аймағында ата-аналар ҰБТ-ны өткізу кезінде ережелер бұзылғанын айтып шағымданды.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.26   490.7   4.83 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети