12 маусым 2015 16:07

ҰБТ үшін "қызға айналған" жігіттің оқиғасы министрліктің өзін қызықтырды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Саят Нүсіпов. © ortcom.kz Саят Нүсіпов. © ortcom.kz

ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ үшін "қызға айналған" жігітке қатысты оқиғаны емтиханның "ерекшелігі" деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Білім және ғылым министрлігі ҰБТ үшін "қызға айналған" жігітке қатысты оқиғаны емтиханның "ерекшелігі" деп есептейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы Саят Нүсіпов ОКҚ-да өткен брифинг барысында тестілеу нәтижелері жойылған түлекке гранттың берілуіне қатысты ведомствоның көзқарасы қандай деген сұраққа жауап берді.

"Расында да, бұл қызық оқиға. Біз бәріміз оны қызығушылықпен бақылап отырдық, бәлкім бұл ҰБТ тапсырудың сол кезеңіндегі "ерекшелік" болар, біздің қоғамды қызықтырды, олардың арасында Білім және ғылым министрлігі де бар. Ал грантқа ие болған түлекке қатысты айтатын болсақ, оқу орны қай түлекке грант бөлсе де өз еркі, ол Академияның құқы. Ал олар мұны неліктен істеді дейтін болсақ, менің ойымша, мұндай қызығушылық бар жерде жарнама жасау Академия үшін маңызды, сондықтан бұл қалыпты жағдай", - деді Нүсіпов.

"Біз ол үшін адам ретінде қуаныштымыз. Себебі кез келген адам қателік жасауы мүмкін, бұл жағдайда ол өзінің орнына ҰБТ-ны басқа біреудің тапсыратынын білді, сондықтан Білім және ғылым министрлігі бұл қадамды құптамайды. Бір жағынан, әлі жас, бәрі алда, өмірде түрлі кедергілер болады, оны мұндай қадамға ненің итермелегені белгісіз. Сондықтан кез келген адамға мейіріммен, позитивпен қарау керек. Оның өмірі алда. Білім және ғылым министрлігі оған тек жақсылық тілейді", - деп жауап берді ол.

Еске сала кетейік, әлеуметтік желілерде досы үшін ҰБТ тапсырмақ болған жігіттің фотосы кең таралған болатын. Суреттің сипаттамасында оқиғаның Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданында болғаны жазылған. Ол Жетісай қаласындағы №4 мектептің түлегі үшін емтиханға кіргісі келген екен.

Кейіннен студенттің Аян Жәрдемов екені анықталды. Ол Ақтөбедегі "Дарын" мектебін бітіріп, "Алтын белгі" иегері атанған. Қазір жігіт Алматыдағы Қазақ-Британ техникалық университетінің үшінші курсында тегін бөлімде оқып жатыр. Енді жігіт 400 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуі, қоғамдық жұмыстарға тартылуы немесе алты күнге дейін қамауға алынуы мүмкін.

Сонымен қатар, түлектің тестілеу нәтижелері жойылып, емтиханды тапсыру келесі жылға қалған болатын. Алайда Анталиядағы Туризм академиясы Жетісай қаласы №4 мектептің түлегіне білім грантын беруге дайын екенін мәлімдеді.

 
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети