21 желтоқсан 2016 13:20

ҰҚК Алматы мен Қазақстанның үш облысында арнайы операцияны бастады

ПОДЕЛИТЬСЯ

21 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері еліміздің аумағындағы "Ат-Такфир уәл-Хиджра" діни-экстремистік ұйымын залалсыздандыру мақсатында арнайы операцияны бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


21 желтоқсанда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің өкілдері еліміздің аумағындағы "Ат-Такфир уәл-Хиджра" діни-экстремистік ұйымын залалсыздандыру мақсатында арнайы операцияны бастады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жедел шаралар бір уақытта Алматы, Ақтөбе, Атырау облыстарында және Алматыда жүргізіліп жатыр. Діни араздықтықты тудырды деген күдікпен елімізде тыйым салынған ұйымның 16 адамы ұсталып, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің аумақтық органдарына жеткізілді", - делінген хабарламада.

Ұсталғандардың тұрып жатқан мекен-жайларында тексерістер жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, жедел-тергеу және процессуалдық шаралар да жүргізіліп жатыр. Бұл қылмыстық ұйымның мүшелерінің "Әл-Каиданың", ДАИШ-тың және басқа да террористік топтардың идеологиясын ұстанатыны белгілі", - делінген ҰҚК өкілдерінің хабарламасында.

ҰҚК баспасөз қызметінің мәліметінше, "Ат-Такфир уәл-Хиджра" ағымын ұстанушылар Сирия мен Ирактағы лаңкестердің әрекетін жақтайды, зайырлы мемлекетті және жалпылай конституциялық заңдарды жоққа шығарғысы келеді

Айта кетейік, бұл ұйым 2014 жылғы сот шешімімен экстремистік деп танылған болатын. Оның іс-әрекетіне Қазақстан аумағында тыйым салынған. Сонымен қатар, "Ат-Такфир уәл-Хиджра" ұйымы АҚШ, Ресей, Қытай, Мысыр, Ливия, Марокко, Тәжікстан, Өзбекстан және тағы бірқатар елдерде террористік ұйымдар қатарына жатқызылған.

Осыған дейін ҰҚК өкілдерінің Ақтөбедегі мұнай ұрлау ісі бойынша 8 компанияда тексеріс жүргізгені хабарланған болатын. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети