02 маусым 2014 16:44

Үкімет әкімдерге "разбор полетов" жасайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©ortcom.kz ©ortcom.kz

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев әкімдерге "разбор полетов" жасаймын деп ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Премьер-министрдің бірінші орынбасары Бақытжан Сағынтаев әкімдерге "разбор полетов" жасаймын деп ескертті, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, бүгінде әкімдердің жұмысы белгілі бір көрсеткіштер бойынша бағаланады. "Мәселен, Президент жергілікті жерлерге барған сайын қанша несиенің берілгенін сұрап жатады. Себебі бұл - шағын және орта бизнестің даму көрсеткіші. Енді, жақсы жұмыс істеген әкімдер нақты жауап берсе, жұмысы нашарлар қызарып тұрады. Оның да жөні бар. Жамбыл облысында шағын және орта бизнеске бірде-бір несие берілмеген. Бүгінде алтыншы ай кетті. Неге? Ол жақта несие алатын адам жоқ па? Жамбыл облысында көбісі ауыл шаруашылығымен айналысады. Несиені неге бермей жатыр? Бәлкім, ұйымдастыру жұмысы дұрыс болмай тұр. Оны білуіміз керек", - деді бүгін Б.Сағынтаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте. 

Бұдан бөлек, мыңнан астам инфрақұрылымдық жобалар іске асуы шарт. Алайда бес айдың қорытындысы бойынша оның тек 30 пайызығы ғана басталған. "Қалғандары жай қарап отыр. Олар өз жобаларын неге бастамайды? Тендерді "ойнайды", басқа дүниені ойнайды. Әйтеуір, ойына келгенді істейді. Бірақ жұмыс жоқ. Осы орайда тағы бір мәселені атап өткен жөн, қазір бір мамандарды оқытып, қайта даярлап жатырмыз. Ал олар жұмысқа орналасты ма, жоқ па? Оны бір Алланың өзі біледі. Соны да қадағаламайды. Мәселен, Маңғыстау облысында адамдар мүлдем жұмысқа орналаспайды. Болмаса, кәсіпкерлікке үйретуді қолға алдық. Оңтүстік пен Маңығстау облыстары бұл жұмысты қыркүйек айында бастаймыз дейді. Оны жылдың соңында бастаудың қажеті қанша?", - дейді Үкімет басшысының орынбасары.

Осыған байланысты Премьер-министр бейнебайланыс арқылы әкімдермен кеңес өткізуді тапсырды. "Ол кеңес осы айда өтеді. Сол жерде орысша айтқанда, "разбор полетов" болады. Ол қалай? Үкімет өз тарапынан барлық жағдайды жасап берді. Құзіретті мемлекеттік органдар қажетті бағдарламаларды бекітті. Қаржы бөлінді. Бәрі бар. Енді, жергілікті жердің басшылары (әкімдер - авт.) жұмыс істеуі керек қой. Сондықтан біз оларды нақты жауапқа тартатын боламыз", - деді Б.Сағынтаев.  

 

 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети