20 маусым 2014 11:44

Үкімет депутаттарға жемқорлықпен күрес жоспарын ұсынады

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов жемқорлықты қабырғадағы тесікке теңеді , - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бүгін Парламент Мәжілісінде Есеп комитетінің 2013 жылғы республикалық бюджеттің орындалуы туралы есебі талқыланған палаталардың бірлескен отырысы өтті.

"Егер қабырғада қандай да бір тесік болса, ол - ұрының көз құрты. Онымен күресудің екі жолы бар: біріншісі - бұл тесікке ұры бас сұққан кезде оны ұстап алатын күзетші қою керек. Бұл - жазалау әдісі. Ол жекелеген органдарға қолайлы болуы мүмкін. Екінші әдісі - бұл тесікті бітеп, жемқорлық әрекеттерді жою және көлеңкелі экономиканың үлесін азайту", - деген Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстан Үкіметінің осы екінші әдіске мойын бұратынын мәлімдеді.

"Бұл - экономиканы жүргізуге қажетті рәсімдерді жеңілдету деген сөз. Бізде тұтас бастама бар, соның ішінде, заңды бастамалар, ахуалды түпкілікті өзгерту үшін оны біз күз маусымында қолға алатын шығармыз", - деді Мәсімов.

Үкімет басшысы әлемнің өзге де елдеріндегі сияқты Қазақстанда да көлеңкедегі экономиканың барын жоққа шығармайды. Ол сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және көлеңкедегі экономиканың үлесін азайту жөніндегі топты өзі басқаратынын айтты.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети