03 қыркүйек 2014 17:16

Үкіметтің қайта құрылуы қызметкерлер жалақысына әсер етеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Үкіметтің қайта құрылуы кейбір мемлекеттік қызметкерлер жалақысының азаюына ықпал етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.


Үкіметтің қайта құрылуы кейбір мемлекеттік қызметкерлер жалақысының азаюына ықпал етеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевқа сілтеме жасап.

Бүгін Досаев Мәжілісте "ҚР Үкіметі туралы" ҚР Конституциялық заңына өзгертулер енгізу туралы" және "ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді ажырату мәселелері жөніндегі заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобаларын таныстырды. Соңғы аталған жоба әкімдіктерге жаңа функцияларды берумен бірге орталық атқарушы органдардың белгілі бір штат санын жергілікті атқарушы органдарға беруді қарастырады. Осыған байланысты депутаттар арасында сұрақтар туындады.

"Сіз штат саны мен функцияларды беру мәселесін жергілікті атқарушы органдармен келісіп алдыңыз ба? Біз қазір заңды бекітеміз, ал күнделікті тәжірибеде жергілікті атқарушы органдардан "бізге функцияларды бердіңіздер, ал оны орындайтын ешкім жоқ" дегенді естуіміз мүмкін. Бұдан қандай нәтиже болады? Біз мемлекеттік қызметкерлердің санын қысқартып, жалақысын азайтамыз, өйткені республикалық деңгейден жергілікті деңгейге көшкен кезде тиісінше еңбекақы да төмен болады. Бұдан қаржы үнемдеу жөнінен қандай да бір тиімділік бар ма?" - деді Мәжіліс депутаты Ольга Киколенко.

Оған министр бұл мәселенің әкімдіктермен келісілгенін айтты. "Сіздер білесіздер, келесі жылдың 1 шілдесінен бастап, біз азаматтық қызметшілердің жалақысын өзгертіп, "В" корпусы бойынша жылжимыз. Сондықтан мен біз қордаланған мәселелерді шешуге тырысамыз деп ойлаймын. Біз оны бір күнде шешеміз демеймін", - деді Досаев. Заң жобасы бойынша жер ресурстарын басқару саласында жергілікті атқарушы органдарға жер заңнамаларының бұзылуын жою жөнінде нұсқаулар беру, жер заңнамалары саласында әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы істерді қарау, пайдаланылмайтын немесе ҚР заңнамасына қайшы жерлерді мемлекет меншігіне қайтару функциялары беріледі. Бұл салада жергілікті деңгейге 515 штаттық бірлік ауысады.

Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция саласында әкімдіктерге мақта және тұқым шаруашылығын дамыту, биоотын өндірісін бақылау функциялары беріледі. Бұл салада 110 адам орталық атқарушы органдардан жергілікті атқарушы органдарға ауысады. Малдәрігерлік бақылау саласында әкімдіктерге ветеринария және тағам өнімдері қауіпсіздігі саласындағы функциялар және 1097 штаттық бірлік беріледі. 

Энергетикалық қадағалау саласында жергілікті органдарға тұтынушылардың жылуды қолданатын құрылғыларының техникалық жағдайын бақылау, жылу желілеріне жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу функциялары беріледі. Сонымен бірге әкімдіктерге әділет департаментінің азаматтардың хал актілерін тіркеу мәселелері жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің қызметтері ауысады.

Еске салайық, аталған заң жобалары Парламенттің қарауына бүгін түскен болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оларды шұғыл түрде қарауды тапсырған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети