04 наурыз 2014 15:19

Украинадағы жағдай Кеден Одағы елдерінің мүддесіне әсер етеді - Назарбаев

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. ©REUTERS

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовпен кездесу барысында елдің алдағы кезеңдегі сыртқы басымдықтары және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. "Украинадағы жағдай елдердің ТМД аясындағы өзара қарым-қатынастарына тікелей әсер етеді және Кеден одағы мемлекеттеріне жанама қатысы бар. Мен ең таяу уақытта байсалды пікір алмасып, қазіргі жағдайдағы қауіпті үрдістердің белең алуына жол бермеу жөніндегі шараларды талқылайтын кездесу өткізу туралы ұсыныс енгіздім", - деді Қазақстан Президенті. Кездесу қорытындысында Мемлекет басшысы қаралған мәселелерге қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берді. Еске сала кетейік, 1-наурыз күні Ресей Федерация Кеңесі президент Владимир Путиннің Украинадағы қоғамдық-саяси ахуалды қалыпқа келтіру үшін бұл елдің территориясында Ресей Федерациясының Қарулы Күштерін пайдалануға байланысты сұраған рұқсатын бірауыздан қолдады. Осы кезде Украина парламенті Путинді әскер кіргізбеуге шақырды. Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі барлық мүдделі тараптарды жағдайды реттеу барысында күш қолдану шешімдерінен бас тартуға шақырды. Сонымен бірге Нұрсұлтан Назарбаев Ресей және Беларусь басшылары Владимир Путин, Александр Лукашенкомен телефон арқылы сөйлесу кезінде Украинадағы жағдайды талқылағаны хабарланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети