14 тамыз 2015 | 19:49

Үлкен Алматы өзеніндегі су деңгейінің көтерілуінен қауіп жоқ - ТЖД

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видео @instavideo_kaz Видео @instavideo_kaz

Алматы қалалық ТЖД өкілдері Үлкен Алматының суының арнасынан асуынан қауіптің жоқ екенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Таяуда жауған жаңбырдан өзен суы толып, арнасынан аса бастаған еді. Алайда құтқарушылар жағдайдың қалыпты екенін айтты.

"Өзен үстінде жаяуларға арналған көпірлер бар, оған су тие бастады. Біз барып, қарап шықтық. Тауда жаңбыр секундына 1,8 текше метр мөлшермен жауды, су сондықтан көтерілді. "Қазселденқорғау" шлюздерді ашты, жасырын канал бойынша да су жүргізілді және қазір жағдай қалыпты", - деп мәлімдеді Алматы қалалық ТЖД басшысының орынбасары Нұрлан Мадияров.

Сонымен қатар, ол осыған дейін ақпарат құралдары хабарлаған 10 үйдің су астында қалғаны жайлы мәліметін жоққа шығарды. ТЖ департаментінің қызметкерлері аудан әкімдігінің өкілдерімен, сонымен қатар, құтару қызметінің адамдарымен тұрғындардың хабары бойынша барып жердің тегіс болмағандықтан, жаңбыр суының тұйықталғанын көрді. Су сорылды, барлығы бақылауда", - деп хабарлады құтқарушылар. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 488.23   530.57   5.03 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети