20 қараша 2023 | 14:51

"Үлкен проблема". Қазақстанда жолдарды қайта жөндеуге 90 миллиард теңге жетпей қалған

Фото: qaj.kz

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы биыл Қызылорда-Жезқазған жолын жөндеуге бөлінген 90 миллиард теңге жобаны толық аяқтауға жетпей қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ұлытау облысының әкімі Берік Әбдіғалиұлы биыл Қызылорда-Жезқазған жолын жөндеуге бөлінген 90 миллиард теңге жобаны толық аяқтауға жетпей қалғанын айтты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

"Тағы бір үлкен проблеманың бірі - жолдар. Әсіресе, Қызылорда мен Жезқазған арасындағы жол. Қызылорда жағы жолды аяқтап жатыр. Бірақ биыл Жезқазған бөлігінде баға көтірілуіне байланысты жұмыс тоқтатылды. Себебі 90 миллиард теңге жетпей қалды. Қазір Үкімет Азия даму банкімен бірігіп, жобаны 145 миллиард теңгеге көбейтті. Ендігі жылға соның 50 миллирад теңгесі бөлініп, конкурс өтіп жатыр", - деді Берік Әбдіғалиұлы Орталық коммуникация қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Реклама
Реклама

Оның айтуынша, Азия даму банкі конкурсты желтоқсанда аяқтауы керек.

"2024 жылы 8 учаскеде жол жөндеу жұмыстары басталады", - деді облыс әкімі.

Сондай-ақ, биыл Қарағанды-Жезқазған жолын жөндеу бойынша конкурс ұйымдастырылыпты. Оған 2024 жылға 20 миллиард теңге бөлінеді екен.

"Арқалық пен Ұлытаудың арасы - 200 шақырым жол жоқ. Биыл соның 13 шақырымы "ҚазАвтоЖол" компаниясының қолдауымен жөнделді. 2024 жылы тағы 37 шақырым жолға, жалпы 40 шақырым жолға асфальт төсейміз. Онда мүлдем асфальт жоқ. Бұл ертең Арқалық пен Жезқазған қалаларының дамуына септігін тигізеді", - деді Берік Әбдіғалиұлы.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!


Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram