03 желтоқсан 2020 16:12

Ұлттық банк қазақстандықтарға алаяқтар туралы ескертті

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото:elements.envato.com Фото:elements.envato.com

Қазақстан Ұлттық Банкі қаражат жіберу туралы өтініші бар электронды хаттар мен аноним телефон қоңырауларын елемеуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Қазақстан Ұлттық Банкі қаражат жіберу туралы өтініші бар электронды хаттар мен аноним телефон қоңырауларын елемеуге шақырады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Банк мәліметінше, белгісіз банк шоттарының деректері қамтылған кездейсоқ ақша алу мүмкіндіктері туралы хабарламалар көп жағдайда алаяқтық әрекетті көрсетеді.

"Шын мәнінде мұндай хаттар Ұлттық Банктен жеке тұлғаларға таратылмайды. Орталық банктер жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысулар мен мәмілелер жүргізбейді: Ұлттық Банктегі банктік шоттар тек ҚҰБ, екінші деңгейдегі банктер мен саны шектеулі заңды тұлғалардың операциясын есепке алу үшін ғана ашылуы мүмкін.

Осыған орай Қазақстан Ұлттық Банкінің жеке тұлғалардың құнды заттары мен банкнот, монеталарына қатысты инкассациялық (соның ішінде жеткізу, тасымалдау) қызметті атқармайтынын ескертеміз", - деді банктегілер.

Ұлттық банк қаражат жіберу туралы өтініші бар күмәнді хаттарды алған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуға кеңес береді.

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық Банктің байланыс орталығына да хабарласуға болады (ұялы және қалалық телефоннан қоңырау шалу тегін).

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети