06 мамыр 2015 14:44

Ұлттық банк ҰОС ардагерлеріне күміс монеталар табыстады

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Nationalbank.kz @Nationalbank.kz

Қазақстандағы ҰОС ардагерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ҚР Ұлттық банкінен естелікке күміс монеталар алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  "Ұлы Жеңіске 70 жыл" монетасы 7 мың тиражбен шыққан. 


Қазақстандағы ҰОС ардагерлері Ұлы Жеңістің 70 жылдығына орай ҚР Ұлттық банкінен естелікке күміс монеталар алды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  "Ұлы Жеңіске 70 жыл" монетасы 7 мың тиражбен шыққан. 

Монета "proof" сапасында күмістің 925-ші сынамасынан жасалған. Дизайн авторлары ҚР ҰБ қолма-қол ақшамен жұмыс жүргізу бөлімшесінің кеңесшісі Виктор Ивженко мен департаменттің бас дизайнер маманы Алмат Бәсенов. "Жеңіс күні - әлем болып тойлайтын мереке. Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл өтті, дегенмен соғыста жеңуге атсалысқан ардагерлер біздің жүрегімізде мәңгі қалады", - деді Ивженко.

ҰОС ардагерлері алған монеталар 2015 жылдың 31 наурызында шығарылған. Монетаның басты бетінің жоғарғы жағында Қазақстан Республикасының елтаңбасы мен "Қазақстан ұлттық банкі" деген жазу бар. Төменгі жағындағы "500" теңге жазуы монетаның номиналын білдіреді.  Номиналдың сол жағында монета салмағын көрсететін "24 g" жазуы және оң жағында монетаның қандай металдан жасалғанын білдіретін "Ag 925" жазуы бар. Монетаның жиегі моншақты шеңбермен бейнеленген.

Монетаның артқы бетінде Алматыдағы 28-ші гвардияшы-панфиловшылар саябағындағы Даңқ мемориалының фрагменті мен Ұлы Отан соғысы кезіндегі Жеңіс жылын білдіретін "1945" жазуы орналасқан. Монетаның жиегінде "Ұлы жеңіске 70 жыл" және "70 лет великой победы" жазуы бар.

Айта кетейік, шығарылған монеталар Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің бәріне жетуі керек. Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің мәліметінше, елімізде 4715 ардагер бар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети