11 тамыз 2017 09:23

Ұлттық бюро: Әблязовтың сыбайласы Қазақстанға өз еркімен келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© volpuri.ru © volpuri.ru

"БТА Банк" АҚ қаражатын жымқыру бойынша қозғалған қылмыстық істегі күдіктілердің бірі Ержан Кадесов 24 шілдеде Будапештен Қазақстанға өз еркімен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


"БТА Банк" АҚ қаражатын жымқыру бойынша қозғалған қылмыстық істегі күдіктілердің бірі Ержан Кадесов 24 шілдеде Будапештен Қазақстанға өз еркімен келді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ержан Кадесовтің Проблемалық несиелер басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарғаны айтылады. 2009 жылы Кадесовке сырттай айып тағылып, кейіннен оған халықаралық іздеу жарияланған.

Ал 2016 жылдың ақпан айында Кадесов Будапешттен табылып, Венгрияның құқық қорғау органдары оны экстрадициялық қамауға алды. Шілде айында ол Қазақстанға өзі еркімен келетінін мәлімдеген болатын.

"Қазіргі уақытта Кадесовке қатысты барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілді. Ол кінәсін толықтай мойындап, Әблязовтің БТА банкінің қаражатын қалай жымқырғанын айтып берді", - деп хабарлады Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер.

"Кадесовтің берген түсініктері Әблязовтің басқа да бұрынғы сыбайластары берген түсініктерді растап қана қойған, бұл қылмыстық мән-жайын толығырақ ашып, банктің бүкіл топ-менеджментінің Қазақстаннан Бішкек арқылы Ресейге, Украинаға және басқа да елдерге заңсыз кеткенін көрсетеді", - деп хабарлады ведомстводағылар.

9 тамызда күдікті Кадесов пен оның адвокатына осыған дейін таңдалған қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы кепілге өзгертілді. Оған қатысты сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.

Еске сала кетейік, 2017 жылдың 2 ақпанында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы жауап алу үшін Мұхтар Әблязовті Астанаға шақырған болатын. "ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы "БТА Банк" АҚ бұрынғы топ-менеджменті М.Қ.Әблязовқа, Ж.Д.Жарымбетовке және өзгелерге қатысты қылмыстық істің соталды тергеуін жалғастырып жатыр. Тергеу барысында Антикоррупция қызметі Әблязов пен оның сыбайластарының заңсыз әрекеттерінің қосымша дәлелдерін тапты. Банктен қаражатты жымқырудың жаңа нұсқалары ашылды. Анықталған деректер Әблязовтің қылмыстық ұйым құрып, оған басшылық еткен деген қосымша күдік келіп отыр. Оның ішінде бірқатар ұйымдасқан қылмыстық топ кіреді, топ Қазақстан территориясында да, шетелде де әрекет еткен", - делінген еді ведомство хабарламасында.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети