20 қазан 2017 12:32

Ұлттық бюро Храпуновтарға жаңа айыптар тақты

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Виктор мен Лейла Храпуновтарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы Виктор мен Лейла Храпуновтарға қатысты қылмыстық істі тергеп жатыр. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жасалған аса ауыр қылмыстар туралы тергеуден жиналған дәлелдер күдікті Виктор Храпуновтың әрекетін ҚР Қылмыстық кодексінің 16.07.1997 жылғы редакциядағы 235, 176, 177, 193, 307, 311-баптары бойынша қарастыруға мүмкіндік берді", - деді Ұлттық бюродағылар. 

"Лейла Храпунованың заңға қайшы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 235, 177, 193 баптары бойынша қарастырылады", - деді ведомство өкілдері. 

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-процестік кодексiнің 206-бабының 1-бөлігіне сәйкес, Күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы, егер қорғаушының қатысуы заң бойынша міндетті болса немесе бұл туралы күдікті өтінішхат берсе, қорғаушының қатысуымен және қаулы шығарылған кезден бастап жиырма төрт сағаттан кешіктірілмей жария етіледі. Күдікті немесе оның қорғаушысы келмей қалған жағдайда, қаулы жиырма төрт сағат өткеннен кейін де жариялануы мүмкін. Күдікті В.В.Храпуновтың, Л.К.Храпунованың және А.К.Ілиясованың Қазақстан Республикасында болмағандығы және келуден бас тартуына байланысты Антикоррупциялық қызмет ҚР ҚПК-нің 206-бабының 8-бөлігін басшылыққа ала отырып, прокурордың келісімімен олардың әрекетінің басқа баппен қаралатынын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялап отыр.

Еске салайық, мұның алдында Храпуновтардың Астанаға жауап алуға шақыртылғаны хабарланған еді. 

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Ләйла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын. 2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі - Ләйлаға ірі көлемді алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети