22 қараша 2017 14:16

Ұлттық бюро саунада түсірілген атышулы видеоға қатысты пікір білдірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері атышулы видеожазбаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Мұның алдында әлеуметтік желілерде ер адамдардың саунада отырып, өздерін "жемқорлықпен күресуші" деп атағаны түсірілген видео тараған еді. Олардың біріне қызыл куәлік табыс етіледі.

"Бауырлар, саламалейкум. Бүгін Ақтау қалалық жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі департаментке жаңа қызметкерді қабылдап жатырмыз. Ерік, біздің қатарға қосылып жатырсың. Енді жемқорлықпен күресеміз. Бүгін біз Ақтауда оның келіп жатқанын атап өтеміз. Алғашқы парамен құттықтаймыз", - дейді жартылай жалаңаш ер адам видеода. Осыдан кейін ол айғайлап күліп, екіншісіне қызыл куәлік тапсырады.

Ұлттық бюроның баспасөз қызметіндегілер бұл видеоның антикоррупциялық қызмет органдарына қатысы жоқ екенін айтып отыр. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, видеодағылардың ешқайсысы да Ұлттық бюро қызметкері емес.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 439.43   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети