13 қазан 2016 12:22

Ұлттық бюродағылар мемлекеттік қызметкерлер алған ірі көлемдегі параларды атады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Tengrinews.kz © Tengrinews.kz

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар мемлекеттік қызметкерлер алған ірі көлемдегі параларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz


ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросындағылар мемлекеттік қызметкерлер алған ірі көлемдегі параларды атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz

Ұлттық бюродағылардың мәліметінше, ең ірі көлемдегі параны - 780 миллион теңгені "Астана ЭКСПО-2017" бұрынғы басшысы Талғат Ермегияев алған.

"ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының өкілдері 2015-2016 жылдар аралығында  780 миллион теңге көлемінде пара алған "Астана ЭКСПО-2017" АҚ бұрынғы басшысы Талғат Ермегияевқа қатысты, 330 миллион теңге көлемінде пара алған "Қорғас" шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы АҚ президенті Василий Ни мен 54 миллион теңге пара алған Қостанайдың бұрынғы әкімі Ахметбек Ахметжановқа қатысты деректерді анықтады", - делінген Ұлттық бюродағылардың редакция жіберген сауалнамаға берген жауабында.

"Статистикалық мәліметтерге сәйкес, алынған паралардың жалпы саны миллиард теңгеден асқан", - деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюро өкілдері.

Сондай-ақ, олардың мәліметінше, пара алу деректері көбінесе Алматы мен Оңтүстік Қазақстан облыстарында кездеседі. Пара алушылардың көбі ішкі істер органдарының қызметкерлері мен әкімдіктегілер екен.

Айта кетейік, осыған дейін қазақстандық жемқорлардан тәркіленген мүліктердің тізімі жарияланған болатын. "Бюджеттік қаражатты жымқыру мен пара алу деректері көбейген. Сотқа жіберілген қылмыстық істердің саны көбейген. Олардың ішінде "Астана-ЭКСПО-2017" АҚ бұрынғы басшысы, Ұлттық экономика министрлігінің көліктегі тұтынушылардың құқығын қорғау департаментінің басшысы, ІІМ департаментінің басшысы, Астана қалалық Әділет департаментінің басшылары, Жамбыл облысының денсаулық сақтау басқармасындағылар, Астана қалалық нотариалдық палатаның өкілі, Жамбыл облысының ҚАЖД басшысы, Маңғыстау департаментінің табиғи монополияларды реттеу департаментінің басшысы мен оның орынбасары", - деген еді Қайрат Қожамжаров.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети