27 қаңтар 2014 12:19

Үсенов қайтыс болған жігіттің отбасының шығынын өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Мақсат Үсеновтің әлеуметтік желідегі суреттері Мақсат Үсеновтің әлеуметтік желідегі суреттері

BMW X6 көлігімен алты адамды қағып кеткен Мақсат Үсенов оқиға салдарынан қайтыс болған адамның отбасына және басқа да зардап шегушілерге шығын өтеді, бұл туралы Tengrinews.kz Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының төрайымы Қайынжамал Бұқбановаға сілтеме жасап хабарлайды. Өтелген шығынның көлемі іс материалдарында көрсетілмеген. Судьяның айтуынша, іс бойынша тараптардың ымыраласуы туралы шешімді жол-көлік оқиғасы кезінде қайтыс болған адамның әкесі, анасы және әпкесі қабылдады. Бұқбанова Мақсат Үсеновке қатысты қылмыстық істің сотқа жетпегенін айтты. Іс қаңтардың 21-і күні қайтыс болған жігіттің әкесінің арызы бойынша тоқтатылды. Сот төрайымының мәліметінше, арыз қаңтардың 6-сы күні прокуратураға, 16-сы күні Алматы қалалық ішкі істер басқармасына жолданған. Қалған бес зардап шегуші де ешқандай наразылығымыз жоқ деп, арыз жазған. "Орны толмас қаза күйігінің қалайша жылдам басылғанын білу маған да қызық болып тұр. Істі тоқтату туралы арызды өздері жазды. Қаңтардың 16-сы күні тергеуші олардың үйіне барды", - дейді Бұқбанова. Судьяның айтуынша, қайтыс болған жігіттің әкесі ақпарат құралдарымен сөйлесуден бас тартып отыр. Еске сала кетейік, атышулы жол-көлік оқиғасына себепші болған Мақсат Үсеновке қатысты қылмыстық іс екі жақтың ымыраласуы себепті тоқтатылған еді. Үсенов қаңтардың 23-і күні тергеу изоляторынан босатылды. Ол Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің екі бабы бойынша жарты миллион теңге көлемінде айыппұл төледі. Бұл жол-көлік оқиғасы желтоқсанның 1-і күні болды. Көлік жүргізушісі Мақсат Үсенов алты адамды қағып кетті, оның біреуі жарақаты салдарынан оқиға орнында қайтыс болса, екеуі орта деңгейде, тағы үшеуі жеңіл жарақат алды. Бұл оқиға мен оған қатысты істің арты қоғамда қызу талқыланып жатыр.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 449.57   483   4.85 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети