20 қараша 2014 15:47

Ұялы байланыс бөлімшелерінде дүрлігу болып жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Ярослав Радловский ©Ярослав Радловский

Қазақстанның ұялы байланыс операторларының бөлімшелерінде тіркелмеген нөмірлерге байланысты ажиотаж туды. Tengrinews.kz тілшісі ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету орталықтарының бірқатарына барып көрді. Барлық жерде нөмірлер қайта тіркеуден өтіп жатыр. Кезекте тұрған адамдардың айтуынша, күтіп тұрған бір ер адам талып қалған, оны жедел жәрдем әкетіпті. Ұялы байланыс операторлары бөлімшелерді адам көп жиналып қалмауы үшін нөмірлерді онлайн-режимде немесе баламалы байланыс кеңселерінде тіркеуге кеңес беріп жатыр. 


Қазақстанның ұялы байланыс операторларының бөлімшелерінде тіркелмеген нөмірлерге байланысты ажиотаж туды. Tengrinews.kz тілшісі ұялы байланыс операторларының қызмет көрсету орталықтарының бірқатарына барып көрді. Барлық жерде нөмірлер қайта тіркеуден өтіп жатыр. Кезекте тұрған адамдардың айтуынша, күтіп тұрған бір ер адам талып қалған, оны жедел жәрдем әкетіпті. Ұялы байланыс операторлары бөлімшелерді адам көп жиналып қалмауы үшін нөмірлерді онлайн-режимде немесе баламалы байланыс кеңселерінде тіркеуге кеңес беріп жатыр. 

"Көп адам келеді, қызмет көрсету орталықтарына халық үйіліп қалып жатқан жағдай байқалып жатыр. Тіркеуде жоқ нөмірлерді өшіретіні туралы ақпарат бәрін дүр сілкіндірді, - деді Beeline баспасөз қызметінің жетекшісі Алексей Бендзь. - Адамдар кезекте тұрғанда жүйкесі тозып, содан келеңсіздік туады (...) Бірақ бізде оның орнына басқа ұсыныс бар. Бастапқыда біздің сайттағы жеке кабинеттен нөмірдің кімге тіркелгенін тексеру керек, сізге тіркелмесе "Азбука связи" салонына жеке куәлігіңізбен бірге келуіңіз керек, ондай салондар еліміз бойынша 100-ден асады. Абоненттердің жалпы есебінде тіркелмеген нөмірлердің саны өте аз, - деді спикер. Ол тіркелмеген нөмірлер 1 желтоқсанда өшірілетін болса да компания айтарлықтай жапа шекпейтінін айтты. Бендзь, сонымен қатар, нөмірлерді бұл күннен кейін де қайта тіркеуге болатынын айтты. 

Kcell компаниясының өкілдері абоненттерді тіркеу процесі белсенді түрде жүріп жатқанын айтты. "Біздің қызмет көрсету орталықтарымызға келетін адамның саны күн өткен сайын көбейіп келеді", - деді баспасөз қызметінің өкілдері. Бірақ компания "жабық мәлімет" екенін айтып, тіркелмеген нөмірлердің санын жасырын қалдырды.

Tele2 өкілдері болса абоненттерін алаңдамауға шақырды. Олар абоненттеріне сайттағы өз жеке кабинетіне кіріп, дұрыстап тексеруге кеңес берді. "Тіркеу дұрыс жасалды ма, жоқ па - осы мәселе туындауы мүмкін, себебі бізде сатылымдар дилерлер арқылы жүрді. Сонымен бірге бізге нөмірді қайтара тіркеу керек пе деген сұрақ қояды. Біз "Жоқ, олай жасамай-ақ қойсаңыздар болады" деп жауап береміз, - дейді Tele2 баспасөз қызметінің жетекшісі Елена Мухсинова. - Нөмірді онлайн түрде немесе қызмет көрсету орталығына құжатпен келіп тіркелу керек. Соңғы төрт күнде қайта тіркеуге өтініштер 10 есе көбейді. Ажиотаж бар, қосымша қызмет көрсету орталықтарын ашу туралы ойланып отырмыз", - деді ол.

Осыған дейін 1 желтоқсанда Қазақстанда тіркелмеген барлық нөмірлердің өшірілетіні хабарланған болатын. Ал дұрыс емес мәлімет бергендерге айыппұл салынатын болған. Ал шетелдіктерге келсек, оларды қазақстандық ұялы байланыс нөмірлерін сатып алуда шектемейтін болды. Бірақ олар да нөмірді сатып алу кезінде жеке мәліметтерін өткізуі керек болады. Билік бұл шаралардың қауіпсіздікті сақтау мақсатында жасалып жатқанын айтты. Енді қазақстандық әр тұрғын өзінің дербес ісіне жауапкершілік алатын болды. Ұялы байланыс операторлары өз кезегінде бұл шараны міндетті әрі өз кезінде жасалып отыр деп есептейді.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети