26 наурыз 2016 12:23

Үйлену тойының алдында жоғалып кеткен қарағандылық жігіттің зорлықпен өлтірілгені расталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Айбек Мұстақаев. Жігіттің туыстары жолдаған сурет. Айбек Мұстақаев. Жігіттің туыстары жолдаған сурет.

Қарағанды облыстық ІІД мамандары биыл қаңтарда жоғалып кеткен қарағандылық Айбек Мұстақаевтан зорлап өлтіру белгілерінің табылғанын растады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік полицияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Із-түссіз жоғалып кеткен, зорлық-зомбылықпен өлтірілген Абай ауданы тұрғынының мүрдесін табу фактісі бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 99-бабы 1-тармағы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр", - деді полицейлер.

Баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, түрлі болжамдар қарастырылып, тексеріліп жатыр. Қарағанды облыстық ІІД басшылығымен аса ауыр қылмысты ашу мақсатында арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Еске сала кетейік, бұған дейін Айбек Мұстақаевтың өлі күйінде табылғаны хабарланған болатын. Мұстақаевтың туыстарының айтуынша, өлім бассүйектің сынуынан, миға қан кетуден келген. Оның денесін әкесі таныған. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети