05 шілде 2017 17:12

Велосипедті автобусқа қалай тиеу керек екені көрсетілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Велосипедті автобусқа қалай тиеу керек екені көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Велосипедті автобусқа қалай тиеу керек екені көрсетілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Велосипедті тиеу үшін келесі іс-әрекетті жасаңыз:

1. Автобусқа жолдың жиегінен жақындаңыз
2. Нұсқаулықпен танысыңыз
3. Тұтқышты тартып, құрылғыны төмен түсіріңіз
4. Алдыңғы дөңгелекке арналған бекіткіш тұтқаны ашыңыз
5. Велосипедті орнатыңыз
6. Алдыңғы дөңгелекті тұтқаға бекітіңіз
7. Автобустың салонына өтіңіз", - делінген нұсқауда.

Еске салайық, Алматыда таяудан бері велосипед қоюға болатын құрылғысы бар қоғамдық көліктер жүре бастаған еді. Қоғамдық көліктің алдыңғы бөлігінде орналасқан бұл жаңа қондырғылар Қазақстанда велоспорттың жаппай дамуына әсерін тигізеді делінеді.

Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, қалада 23 шақырым велосипедке арналған жолдар салынған. Алайда көбі бір-бірімен байланыспаған, сол себепті де қиындықтар бар. 

"Осы мәселені шешу мақсатында осы жобаны енгізіп отырмыз. Қазіргі уақытта № 29 және № 45 бағытында жүретін автобустарға велосипед қоюға болатын құрылғы орнатылды. Автобус салонына велосипед алып кіру қиын болғандықтан, осы тәсіл өте тиімді", - деген еді Алматы қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мақсұт Исахов.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.77   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети