01 ақпан 2022 16:11

Венеция биенналесінде Қазақстан павильоны ашылады

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

2022 жылдың 21 сәуірі мен 27 қарашасы аралығында өтетін Венеция биенналесінде Қазақстан павильоны алғаш рет ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


2022 жылдың 21 сәуірі мен 27 қарашасы аралығында өтетін Венеция биенналесінде Қазақстан павильоны алғаш рет ашылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Венециялық биенналедегі Қазақстанның павильонын аты аңызға айналған алматылық суретші Сергей Калмыковтың (1891–1967) идеяларына негізделген ORTA трансдисциплинарлық командасы ұсынды.

Команда құрамында актриса Александра Морозова, режиссер Рүстем Бегенов, Дарья Джумеля, суретшілер Александр Бақанов пен Сабина Қуанғалиева бар.

"Венеция биенналесіндегі өзіміздің ұлттық павильонымыз - қазақ өнер сахнасындағы көптен күткен оқиғалардың бірі. Бұл көрмені белгілі суретші Сергей Калмыковқа арнау туралы шешім қабылданды. Көптеген суретшілерді шығармашылықпен шабыттандырған алғашқы суретшіміз. Павильон қазақтың заманауи өнерін әлемде де, ел ішінде де қолдауға және көрсетуге арналған көптеген жобалардың біріне айналады деп сенемін", - деді Венеция биенналесіндегі Қазақстан павильонының комиссары Меруерт Қалиева.

ORTA трансдисциплинарлық командасы суретші, өнертапқыш және жазушы Сергей Калмыковтың идеялары негізінде жоба жасайды.

Венеция биенналесі екі жыл сайын Венецияда өтетін және жылына 550 000-нан астам тамашалайтын ең беделді халықаралық өнер көрмелерінің бірі. ХХ ғасырдың екінші жартысында Венеция биенналесі заманауи өнердің дамуында маңызды рөл атқарды.

Осыған дейін венециялық биенналеге қазақстандық суретшілер мен кураторлар қандай да бір жолмен қатысқанымен ресми Қазақстан павильоны болған емес.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.9   490.7   4.95 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети