08 сәуір 2015 20:33

Йемендегі соңғы қазақстандық азаматша ұшып келді

ПОДЕЛИТЬСЯ

@Дмитрий Хегай @Дмитрий Хегай

Йемендегі бомбалауға байланысты елін тастап кетуге мәжбүр болған Қазақстанның соңғы азаматы Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, Йеменде халықаралық коалиция шейіттік бүлікші-хоуситтерге әуе соққыларын жасап жатыр. 


Йемендегі бомбалауға байланысты елін тастап кетуге мәжбүр болған Қазақстанның соңғы азаматы Алматыға жеткізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Еске салайық, Йеменде халықаралық коалиция шейіттік бүлікші-хоуситтерге әуе соққыларын жасап жатыр. 

Гүлмира Саханова Сана қаласынан 6 сәуір күні эвакуацияланды. Ресейлік ұшақ оны ТМД елдерінің басқа да азаматтарымен бірге алып келген. Ол екі күн Мәскеуде болып, елге оралды. Оның айтуынша, Санадан өз бетінше кетіп қалу мүмкін болмаған. Әуе соққылары себебінен жергілікті әуежай жұмысын тоқтатыпты. "Әуежай жұмыс істемейді. Тек ТЖМ ұшақтары ғана ұшып келіп жатыр. Төтенше қызметі арқылы Ресей елшілігінде тізім жасадық", - деді ол.

Оның сөзінше, араб мемлекетінде ол 36 жыл тұрған. Санада оның күйеуі қалыпты. Ол осы жылдар ішінде елде ешқандай үлкен көлемде соғыс әрекеттерінің болмағанын атап айтты. "Көптеген бейбіт халық қаза тауып жатыр. Алыстан бомбалаған кезде секунд санап снарядтың қайда түсетінін күтіп тұрасың. Су да, жарық та жоқ. Йемен телеарналары жұмыс істемейді. Екі сағатқа радионы қосқанда болып жатқан жағдай туралы ақпарат естуге тырыстық, дегенмен ақпараттар түсініксіз болды. Бір күні үйде отырғанымызда жарылыс салдарынан тереземіз ұшып кетуге шақ қалды. Үй сілкініп, таулардан жалын байқалды", - деді ол.

Гүлмираның айтуынша, оның күйеуі Сана университетінде сабақ береді. Егер елдегі жағдай бір қалыпқа келсе, ол үйіне қайтқысы келетінін айтты. Ол елшіліктен Йеменде ТМД елдерінің мыңнан аса азаматтарының қалғанын естіпті.

Айта кетейік, 4 сәуірде Йеменнен Қазақстанға Дастан Оспанов отбасысмен, Ильмира Ақжанова жаңа туылған сәбиімен эвакуацияланған болатын. Соңғы бірнеше күнде ол елден 800-ге жуық азамат эвакуацияланды.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети