29 қаңтар 2014 12:45

Ымыраласу туралы норма Қылмыстық кодекстен алынбайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иоган Меркель ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары  Фото ©Мансұр Хамит Иоган Меркель ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Фото ©Мансұр Хамит

Қылмыстық кодексте тараптардың ымыраласуы туралы норма қалады. Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркель айтты. "Тұтастай алғанда, Қылмыстық іс жүргізу кодексінің жаңа редакциясында әйелдер мен зейнеткерлерге қатысты ымыраласу институты айтарлықтай кеңейтілген. Ауыр қылмыстар бойынша адам өлімі болмаса ымыраласу туралы норманың қолданылуы мүмкін", - дейді Меркель. Сонымен бірге, басқа да өзгерістер болады. Жол-көлік оқиғаларына қатысты талап күшейтіледі. "Біз жүргізушінің мас күйінде жасалған және адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғаларын ауыр қылмыстар қатарына жатқыздық. Енді депутаттар заңды қабылдағаннан кейін бұл баптар бойынша тараптардың ымыраласуы мүмкін болмайды", - деп мәлімдеді Бас прокурордың бірінші орынбасары. Меркельдің айтуынша, қазірше ауыр қылмыстар кезінде екі жақтың келісіміне сәйкес ымыраласуға жол беріледі. "Адам спиртті ішімдік ішіп алса, демек, оның қасақана әрекет еткені. Рульде жүргенде ішуге болмайды. Бүкіл әлем бойынша бұл қатаң жазаланады. Біз де солай етеміз", - дейді Иоган Меркель. Бас прокурордың бірінші орынбасары қоғамда серпіліс туғызған атышулы жол-көлік оқиғасына көзқарасын білдіруден бас тартты. Меркельдің айтуынша, ол Қылмыстық кодекстің жаңа редакциясы жобасын Парламентте талқылауға әзірлеумен шұғылданғандықтан бұл оқиғаның детальдерін білмейді. Заң жобасы онда бүгін бірінші оқылымда таныстырылды. Еске сала кетейік, бұқаралық ақпарат құралдарында Мақсат Үсеновтің ісі қызу талқыланып жатыр. Ол BMW X6 көлігімен желтоқсанның бірі күні алты жаяу адамды қағып кеткен болатын. Оқиға салдарынан 23 жастағы Мұрат Қарабалин қайтыс болды, қалған адамдар түрлі деңгейде жарақат алды. Екі бап бойынша айыпталған Үсенов кейін тараптардың ымыраласуы негізінде тұтқыннан босатылды. Бұл жайт Интернетте кінәлі тұлғаға қатысты шешім мен оның әкесі қызмет ететін "Астана-EXPO" ұлттық компаниясының жұмысына жаппай наразылық білдіру шарасына түрткі болды. Онлайн-петицияға 17 мыңға жуық қазақстандықтың қол қойғаны белгілі.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.77   490.7   4.81 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети