02 мамыр 2023 18:02

Зеленскийге даулы пікір жазған депутат Башинская мандатын тапсырды

Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Украина президенті Владимир Зеленскийдің Deutsche Welle-дегі мәлімдемесіне "Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға" ұсыныс білдірген Алматы мәслихатының депутаты Анна Башинская мандатын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.


Украина президенті Владимир Зеленскийдің Deutsche Welle-дегі мәлімдемесіне "Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға" ұсыныс білдірген Алматы мәслихатының депутаты Анна Башинская мандатын тапсырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы ол Facebook-парақшасында жазды.

"Құрметті достар! Мен өз әрекетіммен еліміздің бейбіт саясатына кедергі келтіргім келмейді.
Осы күндері көп ойландым және әрекетімді айыптағандардың сезімін түсіндім.
Бүгінгі оқиғаларға байланысты менің пікірім орынсыз болғанын тағы да атап өткім келеді. Қоғамда қиын жағдай туғыздым. Осыған байланысты партияның ресми ұстанымымен толықтай келісемін. Жауапкершілігімді сезіне отырып, депутаттық өкілеттікті тоқтату туралы шешім қабылдаймын. Барша отандас пен партияластан жіберген қатем үшін шын жүректен кешірім сұраймын. Баршаңызға жақсылық пен тыныштық тілеймін", - деді ол.

Еске салайық, Анна Башинская Украина президенті Владимир Зеленскийдің Deutsche Welle-дегі мәлімдемесіне "Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасауға" ұсыныс білдірген пікір қалдырды. Кейін депутат парақшасында ойланбай жасаған әрекеті үшін кешірім сұраған еді. Бұл дауға қатысты Amanat партиясы Алматы филиалының төрағасы Станислав Канкуров пікір білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 442.96   490.7   4.97 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети