14 мамыр 2014 16:36

Facebook акциялары Қазақстан қор биржасына жыл соңына қарай келе бастайды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Facebook акциялары Қазақстанның қор биржасына (KASE) 2014 жылдың соңына таман орналастырылуы мүмкін.  Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясының бас директоры Тимур Турлов хабарлады. 


Facebook акциялары Қазақстанның қор биржасына (KASE) 2014 жылдың соңына таман орналастырылуы мүмкін.  Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне "Фридом Финанс" инвестициялық компаниясының бас директоры Тимур Турлов хабарлады. 

Оның айтуынша, отандық қор биржасына аталмыш әлеуметтік желінің акциясы биылғы жылдың күзінде немесе қысқа қарай орналастырылады.  "Мен  Facebook акциясы Қазақстанда биылғы жылы орналасады деп ойлаймын. Әрине, біз бұған күш қуатымыздың жеткенін қалаймыз. Қазірде  әлеуметтік желінің әрбір эмитентін қор нарығына алып келу үшін бізге үлкен ресурс жұмсауға тура келіп отыр. Жалпы, қор биржасы үнемі бақылау жүргізіп отыруды қажет етеді. Жуырда биржа жүйесі жеңілдеп, бізге эмитенттерді тарту да оңайырақ бола түспек" - дейді Тимур Турлов.

Сондай-ақ ол келешекте отандық  қор нарығына басқа да технологиялық компаниялардың акциялары орналастырылатынын хабарлап отыр.

Турлов болашақта қазақстандық инвесторларға Ресей компанияларының акцияларын сатып алуға мүмкіндік туатынын алға тартуда. "Бұл акциялар - көгілдір фишкалар болады. Қазірде Ресейдің "Сбербанк", "ВТБ" банк және "Газпром" компанияларының акциялары біздегі клиенттердің қызығушылығын тудыруда. Ресей қор нарығында  бұл компаниялардың құнды қағаздары инвестициялық рейтинг бойынша өтімді саналады" - дейді ол. 

Турлов Мәскеу қор биржасында жуырда ғана өзіндік реформа болғанын,  аталмыш қор биржасында "Газпром" листниг тізіміне енгенін айта келе "Қазірде Ресей қор биржасындағы реформалар легі аяқталды. Осыған орай бұған біздегі инвесторлардың қызығушылық білдіріп отырғанын есепке алсақ, Ресей биржасындағы "көгілдір фишкаларды"  Қазақстан қор биржасына тартуға бізге мүмкіндік бар деп ойлаймын. "Газпром" үш жыл қатарынан тек қана пайда көріп отырған компания болғанымен оның құнды қағаздары қазір  өзі тәрізді компаниялармен салыстырғанда өте арзан. Сондықтан инвесторлардың бұл компания акцияларына деген қызығушылығы артып отыр" деді.

Бұған қоса Тимур Турлов алдағы уақытта Қазақстан қор нарығына SPY және Berkshire Hathaway компанияларының құнды қағаздары шығатынынан да хабардар етті.

Турлов еліміздің кез келген азаматы Қазақстан қор биржасына 100 мың теңге көлемінде қаржы салу арқылы АҚШ-тың және Ресейдің ірі компанияларының құнды қағаздарын иемдене алатынын да құлаққағыс жасауда. Айта кетерлігі бұл акциялардың қайсыбірі Нью-Йорк қор биржасында сатылымға шығады.

Еске салайық, бұған дейін KASE-де 4 мамырдан бастап АҚШ-тың Bank of America компаниясының жай акциялары сатылымға шыға бастады. KASE деректері бойынша бес күндік сатылым кезінде  Bank of America-ның 2 мың акциясы 6 млн теңгеге сатылған. Bank of America-ның бір жай акциясы Қазақстан қор биржасында 2,7 мың теңгені құрайды. Бұл шамамен 15 доллар.

 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети